АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

Обычная версия

Жалпы ақпарат

«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік бақылау органдарын жетілдіру туралы» №67 Жарлығына сәйкес құрылды.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясының Регламентіне, сондай-ақ Тексеру комиссиясының Ережесіне сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:

1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;

3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.

Тексеру комиссиясының функциялары:

1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;

-байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;

-жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;

-тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;

-жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;

-тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;

-квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;

-салықтық әкімшілендірудің;

-шарттардың;

-қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

-ақпараттық технологиялар саласындағы;

мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады;

2) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;

-жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;

-жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;

-жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;

-жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген қаражатты қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі бойынша пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады;

3) жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.

Тексеру комиссиясының бақылау іс шараларының қорытындылары бойынша қаулыда аталған барлық заңды тұлғалардың орындауына міндетті болып табылатын қаулы шығарылады.

Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының мәслихаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы жыл сайын

есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасайды және мәслихаттардың қарауына ұсынады.

Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының Есеп комитетіне ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалатын нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы тоқсан сайын есепті кезең үшін Есеп комитетіне өз жұмысы туралы ақпарат ұсынып отырады.

Тексеру комиссиясының барлық бақылау, сараптама-аналитикалық, ақпараттық қызметтері саяси мемлекеттік қызметкерлер мәртебесіндегі 4 адамнан құралған тексеру комиссиясының мүшелері жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.