Жалпы конкурс: Жоспарлау, талдау, есептілік және мониторинг жүргізу бөлімінің жетекші маманы, D-5 санаты, 1 бірлік

Мақаланың шыққан күні: 31.12.2019

Бос мемлекеттікәкімшіліклауазымғаорналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Әуэзов 80 көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8 (7122) 45-86-89, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru ) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

Жоспарлау, талдау, есептілік және мониторинг жүргізу бөлімінің жетекші маманы, D-5 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 104235,33 теңгеден 140514,18 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге берілген тапсырмаларды орындау және бөлімге жүктелген міндеттерді атқару; Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша бөлімнің жұмысын орындау; Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу; Тексеру комиссиясының Ережесі мен Регламентінде белгіленген бөлімге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындау және орындалуына талдау жүргізу; Жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;Тексеру комиссияларының мүшелерінің өтінімдерінің негізінде тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған тізбесін, сондай-ақ осы кезекті жылға арналған мемлекеттік аудит жүргізу көзделген мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджеттік бағдарламалардың нақтыланған тізбесін қалыптастыру; Бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу; Тексеру комиссиясы мүшелерінің және аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің ұсынысы негізінде оларды жинақтап, есеп құрылымының жобасын әзірлеу; Тексеру комиссиясымен жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын жүйелі түрде талдау, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорыту және зерделеу, жүргізілген талдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсыну;Құрылымдық бөлімшелер ұсынған тиісті ақпараттарды жинақтап, Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы ақпаратты дайындау; Аудит жүргізудің жылдық жоспары бекітілгеннен кейін мемлекеттік аудит бөлімімен бірлесе бес жұмыс күні ішінде тоқсан сайын нақтыланып отыратын аудит іс-шараларының аяқталуын ескере отырып, отырыстар өткізудің жылдық кестесін қалыптастыру; Тексеру комиссиясы аудиторлық қорытындыларының, нұсқамаларының тапсырмалық тармақтарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізу; Тексеру комиссиясы анықтайтын қаржылық және басқа да бұзушылықтарды есепке алу және мониторингілеу жұмысын жүргізу; азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап беруілуін қамтамасыз етуге;Тексеру комиссиясы веб-сайтының бөлімге қатысты мәселелері бойынша ақпарат әзірлеу, оның беттерін жаңарту жөнінде ақпарат әзірлеу және беру; «ИИС ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыстарды атқару; Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтауға; Тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды; Қазақстан Республикасының заңдары мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті

басқару, менеджмент); Техникалық ғылымдар жəне технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Құқық жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесес жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

– құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

– конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін

бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген revcomatyrau@rambler.ru электрондық почта мекен-жайына электронды түрде «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________________________________________________________________

 

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

“___”_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1 Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 
2 Ұлты (қалауы бойынша)

Нанациональность (по желанию)

 
3 Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 
4 Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 
5 Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 
6 Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 
7 Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
8 Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9 Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
Қабылданған / приема босатылған/

увольнения

   
       
_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________________

Күні / дата


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930