«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 (1) көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122)45-86-89, 8(7122)45-84-41, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
- (Блок А) №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитор, D-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыруға; жылдық мемлекеттік аудит объектілерін тізбесіне енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысуға; бөлімнің жұмыс жоспарларының және перспективалық жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге; тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындауға; аудит іс-шарасы бойынша қорытындының жиынтық тізілімін, тексеру комиссиясы қаулысының, қорытындысының, нұсқамасының жобасын әзірлеуге; аудит жоспарының, аудит бағдарламасын, аудиторлық тапсырмалардың, сапалы және уақтылы әзірленуін қамтамасыз етуге; аудит бағдарламасының (аудит тапсырмасының) орындалу барысы туралы есептің уақытылы ұсынылуын бақылауға, аудит іс-шарасының аяқталуы бойынша тиісті есептердің ұсынылуын қамтамасыз етуге;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудитін жүзеге асыруға;
Аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде сапа бақылауын жүргізуге;
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзуге; жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (есеп) ақпарат дайындауға; тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқаруға; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге, жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге; аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына ұйымдастырылған техникалық сабақтарға (нұсқама) қатысуға; аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік аудитті жүргізу барысында аудиторлық іс-шараға қатысқан мемлекеттік аудиторлардың, сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындамау жағдайлары және атқарушылық тәртіпті, еңбек тәртібін бұзу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебін сақтамау фактілері туралы ақпараттар болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен басшылыққа хабарлауға; азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз етуге;
«Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдаумен өндеудің бірыңғай платформасы бойынша жұмыстарды жүргізуге;
Тексеру комиссиясы веб-сайтының мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелері бойынша оның беттерін жаңарту жөнінде ұсыныстар беруге; Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтауға;
Бөлім басшысы болмаған кезде міндетін қоса атқару.
«ЕК ИАЖ» (Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесі) және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқаруға; «ЕК ИАЖ» бағдарламасына аудиторлық іс-шаралар және т.б материалдарды енгізу.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелерінің, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;
Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
Сонымен қатар, «Мемлекеттік аудитор сертификатының» бар болуы қажет етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
- (Блок Б) №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті, D-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; комиссия қызметіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану; комиссияға келіп түсетін өтініштермен жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру; басшылардың қаулылары, қорытындылары, тапсырмалары, бұйрықтары мен хаттамалары, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
Бөлім басшысының бөлім қызметіне қатысты шешімдерін орындауды қамтамасыз ету және бөлімге келіп түскен тапсырмаларды белгіленген тәртіп пен мерзімде орындау; аудиттің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырып, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау және сараптамалық талдау іс-шараларына қатысу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты жиынтық талдамалық материалдарды, оның ішінде есептерді, ақпарат пен қорытындыларды дайындауға қатысу; Тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы (бұйрығы) негізінде мемлекеттік аудит тобы жетекшісінің міндеттерін орындау.
Мемлекеттік аудитор сертификаты бар болған жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін мемлекеттік аудитор ретінде жүзеге асыру, болмаған жағдайда ассистент ретінде қызметін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
«ЕК ИАЖ» (Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесі) және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқарады;
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын Бірыңғай дерекқор базасына енгізу үшін Жоғары аудиторлық палатасына жолдау;
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша баяндамалар дайындау және хаттамаларын жүргізуі;
Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудторлық палатасының актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
Тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелерінің, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;
Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.
Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік |
|
Нысан | |
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені _____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
_________ ___________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы |
|
Нысан |
“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”
______________________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
___________________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | ||
1 | Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2 | Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)
|
|
3 | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей | |
4 | Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения |
|
5 | Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) | |
6 | Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками
|
|
7 | Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
8 | Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
9 | Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) | |
10 | Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні /Дата |
Қызметi, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ организации |
|
Қабылданған/ |
Босатылған/ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
организацииҚабылданған/
приемаБосатылған/
увольнения
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
____________________________________
күні/дата Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
«___»_______________ 20 __ ж.