«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2022

«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 (1) көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122) 45-86-89, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Құжат қабылдау 2022 жылғы 11, 12 және 15 тамыз күндері.

Әңгімелесу өту күні: 2022 жылғы 17 тамыз

  1. (Блок В) №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті, D-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; комиссия қызметіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және  заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану; комиссияға келіп түсетін өтініштермен жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру; басшылардың қаулылары, қорытындылары, тапсырмалары, бұйрықтары мен хаттамалары, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;

Бөлім басшысының бөлім қызметіне қатысты шешімдерін орындауды қамтамасыз ету және бөлімге келіп түскен тапсырмаларды белгіленген тәртіп пен мерзімде орындау; аудиттің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырып, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау және сараптамалық талдау іс-шараларына қатысу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты жиынтық талдамалық материалдарды, оның ішінде есептерді, ақпарат пен қорытындыларды дайындауға қатысу; Тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы (бұйрығы) негізінде мемлекеттік аудит тобы жетекшісінің міндеттерін орындау.

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар болған жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудитін мемлекеттік аудитор ретінде жүзеге асыру, болмаған жағдайда ассистент ретінде қызметін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;

«ИИС ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқарады; жүргізілген мемлекеттік аудит  қорытындыларын Бірыңғай дерекқор базасына енгізу үшін Есеп комитетіне жолдау; жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша баяндамалар дайындау және хаттамаларын жүргізуі;

Қазақстан Республикасының заңдары мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелерінің, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға міндетті.

Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.

    Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Үміткерлердің әңгімелесуге онлайн конференция арқылы қатысу мүмкіндігіне жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет – ресурсын даменің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: _________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

      e-maіl: _______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

         (қолы)                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       “___”_______________ 20 __ ж.

“Б” корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

Нысан

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

 

______________________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)

_______________________________________________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

 

3

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей

 

4

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

5

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

 

 

7

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні /Дата

Қызметi, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
Должность, место работы, местонахождение

организации

Қабылданған/
приема

Босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

____________________________________

күні/дата Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

“___”_______________ 20 __ ж.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930