«Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Мақаланың шыққан күні: 18.11.2021

«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122) 45-86-89, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор- заңгері, D-3 санаты, B-блок, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге; тексеру комиссиясының заңнаманы қолдануын қорытуға; сотта, сондай-ақ тексеру комиссиясы қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпке сәйкес тексеру комиссиясының мүдделерін білдіруге; азаматтық процестік іс жүргізу заңнамасына сәйкес жинақталған материалдар негізінде сот органына талап арыз жобасын әзірлеп, қол қоюға ұсынуға; нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы негізінде құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды дайындауға; жұмыс жоспарларының және перспективалық жоспарының орындалуын жүзеге асыруға; тексеру комиссиясы құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкердің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеуге қатысуға; заң қызметі құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге; тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша немесе кем дегенде тоқсанына бір рет тексеру комиссиясы регламентінің орындалуы жөнінде ақпарат әзірлеуге және тексеру комиссиясы регламентіне сәйкес жұмыстарды атқаруға; құқықтық сипаттағы құжаттарға қорытынды беруге;

Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарының және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуге, жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындауға;

Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етуге;аудиторлық іс-шараларды құқықтық жағынан сүйемелдеуге;

Аудиторлық іс-шараны сүйемелдеуге, мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған жазбаша сұрақтарға, ұсынылған негіздеме құжаттары аясында жазбаша түрде консультация беруге;аудиторлық іс-шараның сапасын бақылау шеңберінде аудиторлық іс-шаралар  бойынша аудиторлық есептерге, қорытындылардың, жиынтық тізілімдердің және нұсқамалардың жобаларына заң сараптамасын жүргізуге, заңдылығын бақылауға; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жобаларына құқықтық сараптама жүргізуге; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын құқықтық мәселелер жөнінде үйлестіруге; тексеру комиссиясымен тиісті мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына жіберілетін материалдарды қарауға;Тексеру комиссиясында тиісті жылдарға арналған барлық қызметкерлер тарапынан қатаң сақталуы міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары жөнінде жоспардың жобасын әзірлеп, бекітуге ұсынылуын қамтамасыз етуге және орындалысын қадағалауға;«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын  қамтамасыз етуге;

Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау, Аудиторлық іс-шаралары бойынша жоспарлау сатысынан бастап, аудиторлық іс-шарасының қорытындылары бойынша шешім қабылдағанға дейінгі сапаны бақылау рәсімдерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, Аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу кезінде тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау сапасын қамтамасыз етуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың, сондай-ақ, тексеру комиссиясы үшін әзірленген құқықтық актілердің және әдіснамалық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтау;

Алдын ала зерделеу нәтижелеріне, аудит жоспарларының, аудит бағдарламаларының жобаларына, аудит іс-шараларының есептері және барлық қосымшаларымен бірге жиынтық мәліметтеріне, бұзушылықтар тізіліміне, аудиторлық қорытындылар, нұсқамалар жобаларына сапаны бақылау жүргізуде басшыға көмектесу;

Аудиторлық іс-шараны бағалауды жүргізу, тексеру комиссиясына қабылданған бұйрықтардың және өзге де құжаттарының орындаушылық тәртібіне ішкі бағалау жүргізуге көмек көрсету, сараптамалық қорытындылар беру, сапаны бақылаудың мақсаты ретінде тексеру комиссиясы мен олардың қызметкерлері қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандартына сәйкестігін қарауға,нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер әзірлеуге және сапаны бақылау мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға көмек көрсету, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдеріне сапа бақылауын жүргізуге көмек көрсету, Тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқаруға, бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге көмек көрсету, Тексеру комиссиясының регламентінде белгіленген мерзімде Тексеру комиссиясының төрағасына аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ талдаудың қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық Қорытындыларының (Нұсқамаларының) орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпарат дайындауға көмек көрсетуге;

Қызметтік қажеттілікке қарай маман тапшылығы туындаған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыру;

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл шараларын жүргізу;

Азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап беруілуін қамтамасыз етуге;

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтауға;

Тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;.

Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген бөлімге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы №14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Үміткерлердің әңгімелесуге онлайн конференция арқылы қатысу мүмкіндігіне жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді жария етуге жол берілмейді.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына қатысуларына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Нысан“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет – ресурсын даменің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

_________ ___________________________________________________________________

(қолы)                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       “___”_______________ 20 __ ж.

 

“Б” корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

Нысан

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

_______________________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)

_______________________________________________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1 Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2 Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3 Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей
4 Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

5 Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6 Шетелтілдерінбілуі/Владение иностранными языками

 

7 Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8 Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9 Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10 Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні /Дата Қызметi, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
Должность, место работы, местонахождениеорганизации
Қабылданған/
приема
Босатылған/
увольнения

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

____________________________________

күні/дата Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

“___”_______________ 20 __ ж.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1494

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2021)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031