«Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Мақаланың шыққан күні: 27.09.2021

«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122) 45-86-89, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

№2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудитор, D-3 санаты, А-блок, 1 бірлік (Уақытша, негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болуына байланысты 02.06.2024 жылға дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттерді іске асыруға; жылдық мемлекеттік аудит объектілерін тізбесіне енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысуға; бөлімнің жұмыс жоспарларының және перспективалық жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге; тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындауға; аудит іс-шарасы бойынша қорытындының жиынтық тізілімін, тексеру комиссиясы қаулысының, қорытындысының, нұсқамасының жобасын әзірлеуге; тексеру комиссиясы қаулысының, аудиторлық қорытындының және нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз етуге; аудит жоспарының, аудит бағдарламасын, аудиторлық тапсырмалардың, сапалы және уақтылы әзірленуін қамтамасыз етуге; аудит бағдарламасының (аудит тапсырмасының) орындалу барысы туралы есептің уақытылы ұсынылуын бақылауға, аудит іс-шарасының аяқталуы бойынша тиісті есептердің ұсынылуын қамтамасыз етуге;

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзуге; жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (есеп) ақпарат дайындауға; тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқаруға; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге, жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге; аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына ұйымдастырылған техникалық сабақтарға (нұсқама) қатысуға; аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік аудитті жүргізу барысында аудиторлық іс-шараға қатысқан мемлекеттік аудиторлардың, сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындамау жағдайлары және атқарушылық тәртіпті, еңбек тәртібін бұзу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебін сақтамау фактілері туралы ақпараттар болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен басшылыққа хабарлауға; азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап беруілуін қамтамасыз етуге;

Тексеру комиссиясы веб-сайтының мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелері бойынша оның беттерін жаңарту жөнінде ұсыныстар беруге; Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтауға; Бөлім басшысы болмаған кезде міндетін қоса атқару. «ИИС ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқаруға; «ИИС ревком» бағдарламасына аудиторлық іс-шаралар және т.б материалдарды енгізу.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

Тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелерінің, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;

Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген мемлекеттік аудит бөліміне қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.

    Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Құқық.

Мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Құжат айналым бойынша бас маман, D-4 санаты, С-блок, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден            224 624 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардан түскен және тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының хаттамалық тапсырмаларының, бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне сәйкес тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының және комиссия мүшелерінің төрағалығымен өтетін мәжілістерге шақырылған қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Тексеру комиссиясының жоспарына сәйкес алқа мәжілістері мен төрағамен, аппарат басшысымен өткізілетін кеңестер, отырыстар материалдарын дайындау, оның хаттамамен рәсімделуін және орындаушыларға жеткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;тексеру комиссиясының құжат айналымын, құжаттама жасауды және құжаттаманы жүргізуге;бағалау және сапаны бақылау бөліміне, регламентке сәйкес бөлімге келген аудиторлық материалдарды сканерлеуге, оларды электрондық құжат айналымы арқылы (ЭҚАБЖ) тіркеп табыстауға,Тексеру комиссиясына келіп түскен құжаттарды және қол қоюға дайындалған материалдарды жинақтап, олардың уақытында қаралуын қамтамасыз ету. Құжаттардың қозғалысы мен орындалуына талдау жасау.Келіп түскен хат-хабарды қабылдау және тіркеу, тіркеу картотекасын жүргізу, хат-хабарды адресатқа жеткізу. Тексеру комиссиясының істер номенклатурасын дайындап, басшылыққа бекітуге ұсыну. Ағымдағы мұрағат жұмысын жүргізу. Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі бойынша хат-хабардың жіберілетін бағыты бойынша қажетті анықтамалар беру. Тоқсан сайын кіріс, шығыс құжаттар бойынша есеп дайындау. Баспасөз қызметін жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының отырыс өткізілетін орындарын дайындауды қамтамасыз етеді және залдың техникалық дайындығын жүзеге асыруға;

Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру.

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар болған жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін мемлекеттік аудитор ретінде жүзеге асыру, болмаған жағдайда ассистент ретінде қызметін жүзеге асыру;

«ИИС Ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқару;

Қазақстан Республикасының заңдары мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Тексеру комиссиясы төрағасының және аппарат басшысының жүктеген басқа да жұмыстарды атқаруға міндетті.

Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген бөлімге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.

            Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Білім (қазақ тілі жəне əдебиеті, орыс тілі және әдебиеті); Құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы №14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Үміткерлердің әңгімелесуге онлайн конференция арқылы қатысу мүмкіндігіне жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді жария етуге жол берілмейді.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына қатысуларына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет – ресурсын даменің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

_________ ___________________________________________________________________

(қолы)                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       “___”_______________ 20 __ ж.

 
“Б” корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

Нысан

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

_______________________________________________________________

тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)

_______________________________________________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1 Туғанкүніжәнежері/

Дата и место рождения

 

2 Ұлты (қалауыбойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3 Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей
4 Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

5 Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6 Шетелтілдерінбілуі/Владение иностранными языками

 

7 Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8 Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9 Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10 Соңғы үшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні /Дата Қызметi, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжерi/
Должность, место работы, местонахождениеорганизации
Қабылданған/
приема
Босатылған/
увольнения

* Ескертпе: қызметтіктізімдеәрбіратқаратынлауазымбөлекжолдатолтырылады

____________________________________

күні/датаКандидаттыңқолы/

Подпись кандидата

“___”_______________ 20 __ ж.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Равиль Тюлебаев
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қараша (2022)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930