«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122) 45-86-89, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
(Блок В) Бас инспектор-бас есепші, D-3 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бас бухгалтердің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; Бухгалтерлік жұмысқа қатысты тапсырмаларды орындау, Жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу және оның орындалуын жүзеге асыру; тексеру комиссиясындағы қаржылық, бухгалтерлік құжаттардың өз уақытында және дұрыс рәсімделуін және жасалынатын іс-әрекеттердің заңдылығын алдын-ала бақылауға;тиісті қаржылық жылға арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарында бекітілген сомалар шеңберінде міндеттемелердің және жоспарлық кезеңнің екінші және үшінші жылына негізгі шығындардың қабылдануын қамтамасыз етуге;қаржылардың белгіленген тәртіпке сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржыларды дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ қаржылық және материалдық құндылықтардың сақталуын, қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақының өз уақытында аудару және беруді жүзеге асыру; қаржыландыру жоспарын орындауда заңды және жеке тұлғалармен болатын есеп айырысуларды мерзімінде жасау; қаржылық, материалдық құндылықтардың, есептерді түгендеуге қатысу, түгендеу қорытындыларын дер кезінде және дұрыс айқындап, оларды есепте көрсету; материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлерге материалдық құндылықтарды сақтау бойынша жұмыстарды атқару; бухгалтерлік есептіліктің мерзімінде әзірлеп, ұсыну, тексеру комиссиясының бекітілген бюджеттік бағдарламаларындағы көрсеткіштердің орындалуына қатысты жұмыстарды атқаруға, қаржыландыру жоспарын және оның есептерін дайындау; активтердің, аса бағалы емес және тез тозатын және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуы немесе пайдалану орнында бақылауға; есеп және есептілік жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар, бухгалтерлік қызметтің құзырына кіретін басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есептіліктің регистрлерін қағаз жүзінде және электрондық тасымалдаушыларда сақтау, есептілікті, есепке алу саясатын, есептегі мәліметтерді, олардың есептерін электрондық өңдеу, басқа да құжаттарды сақтау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспарды, конкурстық, аукциондық құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп дайындау;мемлекеттік сатып алу жөніндегі техникалық өзіндік ерекшеліктерді тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып әзірлеуге, мемлекеттік сатып алу бойынша түзілген келісім шарттардың орындалуын бақылауға, тауарлардың және қызметтердің номенклатурасын жасап ұсынуға; мемлекеттік сатып алу заңнамасының нормаларын сақтай отырып, Тексеру комиссиясын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге;
Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарының және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, тексеру комиссиясының регламентінде бухгалтерлік жұмысқа қатысты жұмыстарды атқаруға; Тексеру комиссиясы веб-сайтының бухгалтерлік жұмысқа қатысты мәселелері бойынша оның беттерін жаңарту жөнінде ұсыныстар беруге; Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтауға;
Тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;
Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген өзіне қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
(А-блок) Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау, Аудиторлық іс-шаралары бойынша жоспарлау сатысынан бастап, аудиторлық іс-шарасының қорытындылары бойынша шешім қабылдағанға дейінгі сапаны бақылау рәсімдерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, Аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу кезінде тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау сапасын қамтамасыз етуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың, сондай-ақ, тексеру комиссиясы үшін әзірленген құқықтық актілердің және әдіснамалық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтау;
Алдын ала зерделеу нәтижелеріне, аудит жоспарларының, аудит бағдарламаларының жобаларына, аудит іс-шараларының есептері және барлық қосымшаларымен бірге жиынтық мәліметтеріне, бұзушылықтар тізіліміне, аудиторлық қорытындылар, нұсқамалар жобаларына сапаны бақылау жүргізуде басшыға көмектесу;
Аудиторлық іс-шараны бағалауды жүргізу, тексеру комиссиясына қабылданған бұйрықтардың және өзге де құжаттарының орындаушылық тәртібіне ішкі бағалау жүргізуге көмек көрсету, сараптамалық қорытындылар беру, сапаны бақылаудың мақсаты ретінде тексеру комиссиясы мен олардың қызметкерлері қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандартына сәйкестігін қарауға,нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер әзірлеуге және сапаны бақылау мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға көмек көрсету, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдеріне сапа бақылауын жүргізуге көмек көрсету, Тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқаруға, бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге көмек көрсету, Тексеру комиссиясының регламентінде белгіленген мерзімде Тексеру комиссиясының төрағасына аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ талдаудың қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық Қорытындыларының (Нұсқамаларының) орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпарат дайындауға көмек көрсетуге,
Қызметтік қажеттілікке қарай маман тапшылығы туындаған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудитін жүзеге асыру;
Бағалау және сапаны бақылау бөлімі құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге қатысу, азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап беруілуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Тексеру комиссиясы веб-сайтының бағалау және сапаны бақылау бөліміне қатысты мәселелері бойынша ұсыныстар беру, Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарын сақтау, «ИИС Ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқару;
Қазақстан Республикасының заңдары мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының және бөлім басшысының заңға сәйкес берген тапсырмаларын орындауға;
Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген бөлімге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Құқық.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген revcomatyrau@rambler.ru электрондық почта мекен-жайына электронды түрде «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет – ресурсын даменің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
_________ ___________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
“___”_______________ 20 __ ж.
“Б” корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”
_______________________________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | ||
1 | Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2 | Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)
|
|
3 | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей | |
4 | Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения |
|
5 | Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) | |
6 | Шет ел тілдерін білуі/Владение иностранными языками
|
|
7 | Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
8 | Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
9 | Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) | |
10 | Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні /Дата | Қызметi, жұмысорны, мекеменің орналасқан жерi/ Должность, место работы, местонахождениеорганизации |
|
Қабылданған/ приема |
Босатылған/ увольнения |
|
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
____________________________________
күні/дата Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
“___”_______________ 20 __ ж.