Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Аппарат басшысы
Дауталиева Жанат Махамбетқызы 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2011 жылы «Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері»университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Тұрмыс құрған.
Еңбек жолын Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында бастаған.
2011-2018 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маманынан бастап, Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігіне бақылау жасау бөлімінің бас маманы , №3 бюджеттерді және мемлекеттік активтерін бақылау бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, № 1 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 15 қараша айынан бастап 2019 жылдың 4 наурыз айына дейін Бағалау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы қызметін атқарып келді.
2019 жылдың 4 наурызынан бастап ішкі конкурстың нәтижесімен конкурстық комиссияның шешімімен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Аппарат басшысы болып тағайындалды.
Марапаттары: III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалі
«Мемлекеттік аудитор» сертификаты бар