Әдеп жөніндегі уәкіл

Әдеп жөніндегі уәкіл

Дауталиева Жанат Махамбетовна

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат  басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкілі

Жұмыс мекен жайы: атырау қаласы, М.Әуезов көшесі, 80

Жұмыс бөлмесі: №16, 2-қабат

Жұмыс телефоны: 8(7122)  45-84-41

Электронды мекен-жайы: zh.dautalieva@atyraurevcom.gov.kz

Қабылдау күндері: күн сайын

Сағат 14:00-16:00-ге дейін

 


2019 жылдың 29 тамызында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Ж.Құмаровпен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өткізілген Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына талдау нәтижесін қарау бойынша семинардың 10.06.2019 жылғы №1 хаттамасының 10-тармағын және Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының 15-тармағын орындау мақсатында, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету туралы келісім-шарт негізінде Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасынан алынған қазақ тарихы, қолөнер, саясат, әлеуметтік даму, мемлекеттік қызмет туралы кітаптар қызметкерлерге таратылды.


 

2019 жылдың 17 тамызында, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің бекітілген жоспарындағы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында Тексеру комиссиясының ұжымы Сарайшық көне қалашығымен және ондағы мұражаймен танысып қайтты.


Мемлекеттік қызмет – мемлекет дамуының ең негізгі саласы. Себебі, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі, сыртқы әлеуметтік, экономикалық саясаты тікелей мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады.

Егемендік жылдарында бірнеше мәрте реформа жасалған мемлекеттік қызмет саласы бүгінде ашықтықты, айқындықты негізгі критерий етіп алды.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет саласында қызмет ету зор беделге айналды. Тіпті, осы бағытта елімізде арнайы заңнамалық құжаттар да қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

ҚазақстанРеспубликасыныңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлт Жоспары бағдарламасы аясында мемлекеттік қызмет саласын реформалау бойынша көптеген міндеттер жүктеді. Айталық, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік» және «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжатта мемлекет дамуының 100 нақты қадамы айқындалған.

Осы ретте, мемлекеттік қызмет саласының максималды түрде автоматтандырылып жатқандығын атап өтуіміз керек. Бұл жүйе халыққа адал қызмет етуге мүмкіндік береді.

 

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы-

әдеп жөніндегі уәкілі Дауталиева Жанат Махамбетқызы

 

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2020


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930