Тиімсіз пайдаланған бюджет қаржысына әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі көзделген

Дата публикации: 14.12.2020

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы             № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ағымдағы жылдың жылдың 05 тамыз – 18 қыркүйек (қоса алғанда) аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Есеп комитетінің тапсырмасына және 2020 жылғы арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне негізінде «Индер ауданық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Дағдарысқа қарсы Атырау облысының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне және Денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы жүргізілді.

Аудит қорытындысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 наурыздағы №55-ө өкімінің, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексі»-нің 104-1-бабының талаптары бұзылып жалпы сомасы                     161 512 000,0 теңге тиімсіз жоспарланғаны және тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

Осыған орай, Атырау облысы тексеру комиссиясы аудиторларымен жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 234-1-бабымен хаттама жасақталып, іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешіміне сәйкес лауазымды тұлға кінәлі деп танылып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 277 800 теңге айыппұл салынды.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссисының бұл көрсеткіші Республика бойынша алғашқылардың бірі болып табылады және алдағы уақытта Тексеру комиссиясы тарапынан тиімсіз жоспарланған, тиімсіз пайдалынылған қаржылар бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу күшейтілетін болады.

 

Мақаланы дайындаған: Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы


Президент Республики Казахстан.
Касым-Жомарт Токаев

Председатель ревизионной комиссии
Фамилия Имя
Телефон доверия
Ревизионной комиссии
45-84-41

Телефон доверия 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930