2022 жылдың 12 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 6-шы отырысы өткізілді

Дата публикации: 14.10.2022

2022 жылдың 12 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 6-шы отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен Консультативтік кеңес отырысының хаттамасымен берілген тапсырмалардың орындалғаны талқыланып, Махамбет ауданы бойынша селолық округтердің халық санын ескере отырып, сенімгерлікке беру бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға төленетін жарнаның соммасын азайтуға ұсыныс беру және мектепке дейінгі балабақша, мектептерді қаржыландыру функциясын қайтадан әкімдікке беру жөнінде мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы кездесу ұйымдастыру арқылы, нәтижесінде қабылданған шешім бойынша құзырлы органға ұсыныс жолдау ұйғарылды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдардағы жергілікті бюджеттің жоспарлануына және атқарылуына бюджет жүйесінің қағидаттарының сақталуын, сонымен қатар, 2019-2021 жылдардағы жергілікті бюджетке түсетін түсімдерге аудит жүргізудің нәтижесімен Исатай, Махамбет аудандарындағы жеке тұлғалардан түсетін көлік салығы бойынша салық берешектері туралы мәліметтерді жинақтап, талдау жасау арқылы қалыптасқан берешектер бойынша Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодекс және Қағидасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау талқыланды.

Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген үшінші мәселе Жергілікті деңгейде ішкі саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануы бойынша соның ішінде «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінетін қаражаттың тиімділігін, мекеменің атқаратын қызметінің маңыздылығын зерделеу арқылы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Консультативтік Кеңестің кезекті отырысын Азаматтық орталықта өткізу ұйғарылды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және проблемалық сұрақтарды шешу мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізілді.



Президент Республики Казахстан.
Касым-Жомарт Токаев

Председатель ревизионной комиссии
Фамилия Имя
Телефон доверия
Ревизионной комиссии
45-84-41

Телефон доверия 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930