2022 жылдың 11 мамырында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 3-ші отырысы өткізілді.

Дата публикации: 16.05.2022

Кеңестің отырысында Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар талқыланды.

Ондағы басты мәселе ауылдағы жұмыссыздар санын азайту мақсатында жұмыссыздарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту; мектепке дейінгі балаларды толыққанды бала-бақша орындарымен қамтамасыз ету іс-шараларын үйымдастыру; коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегін бөлуді реттеу; ауданаралық қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз ету.

Осы аталған ұсыныстар округ әкімдері тарапынан толық шешімін таппаған.

Екінші талқыланған мәселе Мәдениет саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар.

Мәдени іс-шараларды жоспарлау барысында баға салыстыру шараларын, маңыздылығы, өзектілігі және шығындар сметасының анықтығын, негізділігін қамтамасыз ету; мәдени іс-шаралардың жылдың жоспарын бекітуде көркемдік кеңеспен талқылануын қамтамасыз ету; жоспардан тыс мәдени іс-шараларды өткізуге жол бермеу.

Жоғарыда аталған ұсыныстар аудит объектілері басшылары тарапынан толық орындалмай отыр.

Махамбет ауданы және Мәдениет саласында анықталған қаржы бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы аудиторлық іс-шаралардың орындалысы жөнінде аудиторлық іс-шараға жауапты комиссия мүшелерінің баяндамалары мен аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалды.

Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, Кеңес мүшелері аудит объектілері басшылығына бірнеше сұрақтар қойып жауаптар алынды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізді.





Президент Республики Казахстан.
Касым-Жомарт Токаев

Председатель ревизионной комиссии
Равиль Тюлебаев
Телефон доверия
Ревизионной комиссии
45-84-41

Телефон доверия 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Февраль 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728