2020 жылғы 06 – 20 ақпан аралығында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамыныда «Коммуналдық мүлікті, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы жүргізілді, аудит пен жалпы сомасы 2 152 322,0 мың теңге қаражат қамтылып нәтижиесінде, 7 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде
2011 – 2014 жылдар аралығында «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Кредитор) және «Атырау облысы ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Әкімші), «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамы (Қарыз алушы) араларында кредиттік 5 келісім шарт жасақталған. Аталған 5 келісім шартта Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексі»-нің 186-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» (сол кезде күшінде болған)қаулысының 546-тармағына сәйкес бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі болып табылады, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Алайда, 2011-2014 жылдар аралығында жасалған “Кредиттік келісім шарттар бойынша” Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс делінген талаптары сақталмаған.
Яғни келісім-шарты бойынша жеңілдік кезеңінің ұзақтығы 20 айдан аспуға тиіс бола тұрса да, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамына негізсіз жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен асатын 56 ай ұсынылған.
Аудит барысында 2017, 2018 жылдары бойынша даму жоспарларының орындалуы талданды.
Даму жоспарының орындалысы туралы есебі және мониторингілеу нәтижесімен Компанияның Директорлар кеңесі даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына даму жоспарларын әзірлеу, бекіту қағидаларының 21 тармағына сәйкес, Даму жоспарының іске асырылуын бағалауды компанияның директорлар кеңесі жыл сайын даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу өткізілгеннен кейін есепті кезеңнен кейінгі екінші жылдың бірінші айының 25-і күніне дейін даму жоспарының іске асырылуын бағалау көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына даму жоспарларын әзірлеу, бекіту қағидасының 21 тармағына сәйкес, Даму жоспарының іске асырылуына бағалау жүргізілмеген.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері қаралды. Отырысқа Тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары қатысты. Комиссия отырысында тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің баяндамасы тыңдалып, оның қорытындысымен іс-шара бойынша аудиторлық қорытындыны бекіту туралы және аудит объектісіне тиісті Нұсқама жолдау туралы қаулы қабылданды.
Коммуналдық мүлікті, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу
Мақаланың шыққан күні: 27.04.2020