2020 жылдың 30 маусымында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Индер ауданындағы мемлекеттік мекемелерге бөлінген еңбекақы, сыйақының дұрыс төленуіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы қорытындылары шығарылды.
Аудиторлық іс-шарасымен мемлекеттік аудит жүргізуде 40 (12 мемлекеттік органдар, 15 мектептер және 7 ауылдық округтер) мекеме бойынша жалпы сомасы 9 661 645,5 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, оның 29-ынан жалпы сомасы 29 915,1 мың теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде 28 682,7 мың теңгенің қаржы бұзушылықтары, тиімсіз жұмсалынған 1 232,4 мың теңге және рәсімдік сипаттағы 6 бірлік бұзушылық анықталды. Аудит жүргізу барысында 3 995,0 мың теңге бюджет қаражаты қалпына келтірілді (өтелді).
Жалпы жүргізілген аудиторлық іс-шарасымен анықталғаны мемлекеттік мекемелер тарапынан Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Еңбек кодексі, еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтамау жағдайы орын алған. Осының салдарынан қызметкерлерге еңбекақыны артық төлеу, яғни тарифтік коэффициенттерді, қосымша ақыларды дұрыс тағайындамау, есепші мамандардың қолданыстағы заңнамаларды дұрыс немесе жетік білмеуінен, сонымен қатар басшылық тарапынан қадағалау шаралары жүргізілмей, есепші мамандарға ЭЦП кілт сеніп тапсырғаннан қызметкерлердің еңбекақысын жеке шоттарына аударғанда, есепшілер тарапынан қаражатты артық аударып алу жағдайлары пайда болып, көптеген бұзушылықтарға жол беру қалыптасқан. Сонымен қатар, мекеме басшылығы тарапынан есеп қызметкерлері атқаратын лауазымынан босатылған кезде қабылдау-тапсыру актілері жасақталмау салдарынан мекеменің есептілігі тиісті дәрежеде жүргізілмеу жағдайлары орын алған.
Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысымен аудиорлық іс-шарасымен қамтылған мекемелерде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
«Индер ауданындағы мемлекеттік мекемелерге бөлінген еңбекақы, сыйақының дұрыс төленуіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы бойынша Баспасөз-релиз
Мақаланың шыққан күні: 07.07.2020