«Атырау облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына баға беру, сондай-ақ цифрлық білім беру инфрақұрылымы мен білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының орындалысына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері бойынша баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 27.07.2021

2021 жылдың 19 шілдесінде «Атырау облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына баға беру, сондай-ақ цифрлық білім беру инфрақұрылымы мен білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының орындалысына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері қаралған тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аудит қорытындысы бойынша Еңбек кодексі, Бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу және басқа да нормативтік құқықтық актілер саласындағы заңнаманың талаптары сақталмауынан бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған 21 аудит объектілері бойынша жалпы сомасы 157 515,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 147 165,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 6 621,9 мың теңге және тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 3 728,0 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар саны 174 бірлік.

Аудитпен қамтылған объектілерде еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және еңбекке уақытша жарамсыздығын есептеп төлеуде заңнама талаптары сақталмай қызметкерлерге артық қаражат төлеу, сонымен қатар, лауазымды тұлғалар тарапынан өздерінің жеке шоттарына және штаттық кестесінде көзделмеген, нақты қызмет атқармайтын жеке тұлғаларға бюджет қаражатын артық аудару фактілері анықталды.

Қызметтiк iссапар шығындары бойынша аудит объектілермен қаржылық бұзушылықтарға жол берген, оның ішінде басым бөлігі дәлелдейтін құжаттарсыз негізсіз төлеу фактілері анықталды.

Облыс ауқымындағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізу бюджеттік бағдарламасы бойынша нақты жасалмаған қызметтерге бюджет қаражаты төленгендігі анықталды.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілген өзгерістер мемлекеттік сатып алу веб-порталына уақытылы орналастырылмаған, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың қолданылуына тиісті бақылау жасалмайды, бұл өнім берушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді сақтамауға әкеп соқтырған.

Атырау облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қорытындысымен Мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі индикаторы бойынша жоспарланған мәнге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, жоспарланған 40 көрсеткіштің 15 нәтиже көрсеткіші орындалмаған.

Бұдан бөлек облыста үш ауысымды және апатты мектептердің болуы білім беру саласының дамуына кері әсер ететін проблемалардың бастысы болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті жердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында білім беру грантын пәндер бойынша бөлуде нақты мамандықтарды ескере отырып, қажеттілікке сай математика, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, физика пәндеріне басымдық берілуі тиіс.

Отырыс қорытындысы бойынша қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту мақсатында шаралар қабылдау, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша тапсырмалар берілді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930