Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2018 жылдың 24 қаңтар мен 19 ақпан аралығында Атырау облысы және қала әкімі аппараттарына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудитпен 2 мемлекеттік мекеме, 2 коммуналдық мемлекеттік мекемелер қамтылды. Шараға 4 мемлекеттік аудиторлар қатысып, қорытындысымен төмендегідей анықталды:
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 4 006 548,1 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың сомасы 1734,7 мың теңге және 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Оның ішінде қаржылық бұзушылық 249,1 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 1485,6 мың теңге. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында 249,1 мың теңге бюджетке өтеліп қалпына келтірілді.
Аудит барысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» қаулысының 1 қосымшасының талаптары және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығының талаптары сақталмай, D блогына жатқызылуы тиіс техникалық қызметкерлер С блогына жатқызылып, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағы сақталмай, жалпы сомасы 1485,6 мың теңге (2016 жылы 805,5 мың теңге, 2017 жылы 680,1 мың теңге) қаражат тиімсіз жұмсалып төленген.
Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан әлеуетті өнім берушілердің орындалған қызметтерінің негізіне сәйкес аударылған қаржысын банктің берген үзінділерімен салыстырғанда қаржы бұзушылықтары анықталды. 2016 жылы дизинфекциялау қызметін атқару үшін «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен ЖК «San Эко» арасында 70,0 мың теңгеге 23.08.2016 жылы №1 келісім шарты жасақталынған. Алайда ЖК «San Эко» тарапынан 70,0 мың теңгеге орындалған жұмыс актісі тапсырылса да, «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан банк құжаттары бойынша 84,0 мың теңге аударылып, 14,0 мың теңге қаржысы негізсіз аударылған. Аудит барысында 14,0 мың теңге бюджетке өндірілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 08 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 7-қосымшаның 3 тармағының талаптарына сәйкес, қаржылық есептілікті жасау кезінде есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық және шын мәнінде көрініс табуын қамтамасыз ету көзделген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 08 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 7 қосымшаның 3 тармағының талаптары сақталмай, 2016 есепті жылдың аяғында мекеменің бухгалтерлік балансында 14,0 мың теңге сәйкесінше тиісті бухгалтерлік жазбалар жүргізілмей, қаржылық есептілік нысандарында дебиторлық берешек есебінде көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағында «Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді» деп көрсетілген. Алайда, аталған талап мекемде сақталмай, мекеменің бас есепшісі Ж.Елеуоваға сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда екі рет төленген. Атап айтқанда, Мекеме басшысының 2017 жылғы 18 сәуірдегі №79 бұйрығымен бас есепші Ж.Елеуоваға 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысы беріліп, 88,6 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы төленген. Сондай-ақ, мекеме басшысының 2017 жылғы 15 қарашадағы №300 бұйрығымен бас есепші Ж.Елеуоваға 2017 жылдың 20 қарашасынан бастап еңбек демалысы беріліп, 88,6 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы төленген. Яғни, бас есепші Ж.Елеуоваға 88,6 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақы негізсіз төленген. Аудит барысында 88,6 мың теңге бюджетке өндірілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 06ақпандағы №108 «Мемлекеттiк қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен қызметтік шетелдік iссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» ережесінің тармақтары сақталмай 146,5 мың теңге қаражат артық төленген.
Аудит барысында 146,5 мың теңге бюджетке өтеліп, қалпына келтірілді.