Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 08 қаңтар 28 ақпан айлары аралығында «Атырау облысы бойынша бюджет қаражаты есебінен нысандар құрылысын салу үшін, реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттамалардың жасақталуы және олардың жүзеге асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасы» жүзеге асырылды.
Сараптамалық талдау нәтижесімен аудит объектілері тарапынан электронды түрде ұсынылған жобалау-сметалық құжаттары мен кешенді сараптамалары бойынша Атырау облысы бойынша тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласына 2015-2018 жылдарға барлығы 114 210 324,5 мың теңге бөлініп, оның ішінде ғимараттарды, жылу жүйелерді, көшелердi жарықтандыру, алаңды реконструкциялау, су құбырын салу, автомобиль жолын салу және оларды күрделі жөндеу мақсатында жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 3 231 511,2 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 2,8%-ды құрайды. Оның ішінде:
Атырау облысы (меншікті) бойынша бөлінген қаражат 17 194 561,6 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 712 414,0 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 4,1%-ды құрайды;
Атырау қаласы бойынша бөлінген қаражат 72 357 090,6 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 1 638 230,0 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 2,3%-ды құрайды;
Жылыой ауданы бойынша бөлінген қаражат 6 568 634,7 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 254 507,3 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 3,9%-ды құрайды;
Индер ауданы бойынша бөлінген қаражат 2 705 052,5 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 85 857,6 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 3,2%-ды құрайды;
Исатай бойынша бөлінген қаражат 1 815 362,0 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 41 039,3 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 2,3%-ды құрайды;
Қызылқоға ауданы бойынша бөлінген қаражат 2 296 163,5 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 121 970,0 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 5,3%-ды құрайды;
Құрманғазы ауданы бойынша бөлінген қаражат 5 466 079,8 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 178 372,0 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 3,3%-ды құрайды;
Мақат ауданы бойынша бөлінген қаражат 1 841 822,9 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 72 358,3 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 3,9%-ды құрайды;
Махамбет ауданы бойынша бөлінген қаражат 3 965 557,1 мың теңге, жобалық сметалық құжаттама жасақтауға және кешенді сараптамадан өткізу үшін 126 762,1 мың теңге қаражат жұмсалған, яғни 3,2%-ды құрайды.
Сараптамалық – талдау жүргізу барысында аудит объектісінің ағымдағы жағдайы алдыңғы жылдармен салыстырғанда тиімді қызмет атқарғандығы байқалады, себебі, әр жылда жоспарланған нысандардың құжаттары мердігер тарапынан уақытылы жасалғандығын, сондай-ақ, жобалау-сметалық құжаттар бойынша оң нәтижелері алынған.
Жалпы сараптамалық – талдау жүргізу барысында қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталып отыр, атап айтқанда келісім шарттардың веб-портал арқылы өткізбеуі, мердігер тарапынан шарттардың талаптарын уақытылы орындамау, мердігерлерді жозықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеу, мемлекеттік сатып алу келісім шартын қазынашылық органына белгіленген уақытынан кеш ұсыну фактілері орын алған.
Анықталған бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан орын алған.
Жоғарыда жүргізілген электронды сараптамалық талдау іс-шарасын қорытындылай келе, аудит объектісі тарапынан электронды түрде ұсынылған жобалау-сметалық құжаттары мен кешенді сараптамалары бойынша құжаттарға сараптамалық – талдау жүргізу барысында аудит объектісінің ағымдағы жағдайы алдыңғы жылдармен салыстырғанда көрсеткіш деңгейінің төмендегінің байқауға болады. Себебі электронды сараптамалық талдау жүргізуге қамтылған кезеңдерде, оның ішінде 2018 жылы жасақталған келісім-шартта көрсетілген жұмыстар мердігер мекемелермен уақытылы жасалмай, мерзімінен кешіктірілген. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептері аудит объектісі қызметкерлерінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жеткіліксіз білуі, аудит объектісі басшысының тарапынан бақылаудың болмауы, жауапты тұлғалардың аталған заңнамалар талаптарын сақталмауынан болып отыр. Бұл жайттардың барлығы да басқару жүйесіндегі кемшіліктер болып табылады.
Анықталған бұзушылықтар алдағы уақытта қайталанбау үшін бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қаржы қызметкерлерінің жұмысына бақылауды күшейту, бұзушылықтарға жол берген аудит объектісінің жауапты тұлғасына қатысты тәртіптік мәселелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастыру және жүргізілген аудит объектісінде қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту мақсатында тиісті шаралар алу.
Аудит барысында анықталған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтамаудан қалыптасқан. Оның ішінде, келісім-шарт талаптарын мерзімінде орындамау фактілері бойынша 246,6 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы, веб порталсыз келісім-шартын жасақтау және келісім-шартты қазынашылық депратментіне кеш тіркеу сияқты бұзушылықтар – аудит объектілерінің басшылығы тарапынан өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде Заңмен белгіленген шектеулерге немқұрайлық танытуын байқатады.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері қаралды. Отырысқа Тексеру комиссиясының мүшелері, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар өкілдері, аппараттың жауапты қызметкерлері, сонымен қатар аудит объектілерінің бірінші басшылары мен бас есепшілері қатысты. Комиссия отырысында тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің баяндамасы тыңдалып, оның қорытындысымен іс-шара бойынша аудиторлық қорытындыны бекіту туралы және аудит объектісіне тиісті Нұсқама жолдау туралы қаулы қабылданды.
Атырау облысы бойынша бюджет қаражаты есебінен нысандар құрылысын салу үшін, реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттамалардың жасақталуы және олардың жүзеге асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері бойынша баспасөз релизі
Мақаланың шыққан күні: 27.04.2020