Атырау облысы бойынша бюджет қаражаты есебінен құрылыс салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасы нәтижелері бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 27.04.2020

2020 жылдың 20 наурызында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысы бойынша бюджет қаражаты есебінен құрылыс салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындылары шығарылды.
Сараптамалық-талдау іс-шарасымен «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі және 7 аудандардағы экономика және қаржы бөлімдері, сонымен қатар үстеме тексерумен «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және 7 аудандардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері қамтылды.
Сараптамалық-талдау іс-шарасымен қамтылған 9 аудит объектілері және 9 үстеме тексеру объектілері бойынша жалпы сомасы 5 099,0 мың теңгенің бұзушылықтары мен 21 рәсімдік сиптаттағы бұзушылықтар анықталды.
Негізінен аудит объектілері тарапынан бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңы, Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары 8.02-09-2011 «Уақытша үйлер мен ғимараттар салуға арналған шығындардың сметалық нормалар жиынтығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №156-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР ЕЖ 1.03-102-2014 «Кәсіпорын, ғимарат пен имараттың құрылысының ұзақтығы мен құрылыстағы бітеме. ІІ бөлімі» талаптарының сақталмауынан жол бергендігі анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысымен сараптамалық-талдау іс-шарасымен қамтылған мекемелерде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуы бойынша ұсыныстар берілді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қазан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031