Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2018 жылдың 24 қаңтар мен 05 ақпан аралығында Атырау облыстық және қалалық мәслихатының аппараттарына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудитпен 2 мемлекеттік мекемелер қамтылды. Шараға 3 мемлекеттік аудиторлар қатысып, қорытындысымен төмендегідей анықталды:
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 206 565,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, нәтижесінде бюджет шығыстары бойынша анықталған бұзушылықтардың сомасы 47,0 мың теңге және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында 47,0 мың теңге бюджетке өтеліп, қалпына келтірілді.
Есеп айырысу тәртібінің сақталуы, анықтығы, дұрыстығына аудит жүргізілгенде «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 08 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген 7-қосымша «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 3-тармағының талаптары сақталмай, 2017 жылдың қорытындысымен жеке табыс салығы бойынша 998,0 мың теңге дебиторлық алажақтар бухгалтерлік есеп жүргізуде жасыра отырып, тиісті жылдың қаржылық есептіліктерінде көрініс таппаған.
Сол сияқты «Атырау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде де жоғарыда аталған бұйрықтың талаптары сақталмай 2016 жылдың қаржылық есептілігінде зейнетақы аударымдары бойынша 118,2 мың теңге, жеке табыс салығы бойынша 124,2 мың теңге көлемінде дебиторлық алажақ, 2017 жылдың қаржылық есептілігінде зейнетақы аударымдары бойынша 93,1 мың теңге дебиторлық алажақ және жеке табыс салығы бойынша 136,8 мың теңге көлемінде кредиторлық берешектерді бухгалтерлік есеп жүргізуде жасыра отырып, тиісті жылдардың қаржылық есептіліктерінде көрініс таппаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымша р/с №24 «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету» бөлігінде жергілікті өкілді органдарға 1 бірлік автомобиль саны лауазымды тұлғаға емес «кезекші» автомобиль ретінде қарастырылған. Алайда, мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Атырау облыстық мәслихатының V шақырылған 2013 жылғы 29 сәуіріндегі 145-V «Облыстық мәслихат аппаратының автокөліктер лимиті туралы» шешімімен Мекемеге 2 бірлік автомобиль қарастырылған, оның ішінде облыстық мәслихат хатшысы
лауазымына 1 бірлік, облыстық мәслихат аппаратының басшысы лауазымына 1 бірлік.
Іс-сапарға арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуына аудит жүргізілгенде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 06 ақпандағы №108 «Мемлекеттiк қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен қызметтік шетелдік iссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қаулысының тармақтары сақталмай, 47,0 мың теңге артық төленген. Аудит жүргізу барысында, 47,0 мың теңге бюджетке өтеліп, қалпына келтірілді.