«2019 жылғы Атырау облыстық, Атырау қалалық, аудандардың бюджеттерінің атқарылуына және 2019 жылға Атырау облысы бойынша «2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының» іске асырылуына баға беру» сараптамалық талдау іс-шарасы бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 07.07.2020

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде «2019 жылғы Атырау облыстық, Атырау қалалық, аудандардың бюджеттерінің атқарылуына және 2019 жылға Атырау облысы бойынша «2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының» іске асырылуына баға беру» сараптамалық талдау іс-шарасы ІІ-тоқсанда жоспарланып, жүрізілген болатын.Сараптамалық талдау іс-шарамен 2019 жылдың 01 қаңтарынан-2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы қамтылды.
Сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысымен қамтылған 11 аудит объектілеріжәне 7 үстеме тексеру объектілері бойынша жалпы сомасы 9 951,6 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржы бұзушылығы 9 951,6 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының көлемі 2 226,0 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік сиптаттағы бұзушылықтар саны 23 бірлік.
Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №790 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің» талабы бұзылып, орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты қамтуға тиіс» – делінген талабы сақталмай 2019 жылғы іске асыру туралы есебі жасақталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің №64 «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының талабы сақталмай Аумақтық даму бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде 2018 жылғы нақты көрсеткіштер ескерілмеген. Атап айтқанда: «1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: мұражайларға 2018 жылға нақты 402,5 адам, 2019 жылға жоспар 174 адам, 2020 жыл 174,5 адам», «концерттік ұйымдарға 2018 жылға нақты 182,2 адам, 2019 жылға жоспар 176,5 адам, 2020 жыл 176,6 адам», «кітапханаларға 2018 жылға нақты 321,6 адам, 2019 жылға жоспар 317,6 адам, 2020 жыл 317,7 адам». Яғни, жағдайды одан әрі жақсарту және нақты көлемді болжамдау мақсатында жоспарлы мәндер кейінгі жылдарға ұлғайту жағына түзетілмеген.
Бұдан басқа,Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Кодексінің 4-бабының 6-тармағының «нәтижелілік қағидаты» талабы сақталмай 2019 жылғы Аумақты дамыту бағдарламасының іске асыру есебіндегі әлеуметтік сала бағытының медициналық қызмет сапасын арттыру және халықтың денсаулығын нығайту мақсатындағы 1) іс-шара дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатындағы 5) іс-шара, алдын-алуды ұйымдастыру және табиғат апаттары мен аварияларды жою мақсатындағы 1) іс-шара инфрақұрылым бағытының тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатындағы 8) іс-шара, қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатындағы 1) іс-шара орындалмаған.
Қазақстан Республикасының 28.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 44 бабының 5 және 7-тармақтарының талаптары сақталмай, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану туралы шешімінсіз 464-003-011 «Жалпы білім беру». Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» бюджеттік бағдарламасы бойынша пайдаланылмаған «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 жалпы білім беру ұйымы бойынша 1 504,5 мың теңге, «Қызылқоға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 3 жалпы білім беру ұйымдары бойынша 1 258,7 мың теңге, «Мақат аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 жалпы білім беру ұйымы бойынша 426,1 мың теңге көлеміндегі қаражаттар белгіленген мерзімге дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылмаған, Яғни, аталған қаражаттар, жыл аяғында қызметкерлерге аванс есебінде аударылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 28.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 44 бабының 3 және 4-тармақтарының талаптары сақталмай, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 5 жалпы білім беру ұйымдары бойынша 3 702,1 мың теңге, «Мақат аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 2 жалпы білім беру ұйымдары бойынша 1 009,0 мың теңге, «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 жалпы білім беру ұйымы бойынша 2 048,5 мың теңге көлеміндегі қаражатты еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға емес, негізгі еңбек ақысына төленіп, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №403 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша «Бюджет түсімдерінің сыныптамасының» талаптары сақталмай, жалға алушы мүлікті жалдаудың құнын төлеу кезінде төленуге тиісті 201510 бюджет түсімдерінің сыныптама кодының орнына 201508 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер» коды қате қолданылып, 2019 жылы 2,7 мың теңге көлемінде төлемдер жасалғаны анықталды.
Бұдан басқа, Атырау облыстық және қалалық бюджттік бағдарлама әкімшілері тарапынан Қазақстан Республикасының №95-IV Кодексінің 4-бабының 9-тармағының негізділік принципі, 10 –тармағының уақтылылық принципі талаптары сақталмай дебиторлық, кредиторлық берешектер қалыптасуына жол берілгені анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелерде анықталған кемшіліктерді жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді, бюджет қаражатын сапалы игерілуіне үнемі мониторинг жүргізуді және қатаң ұстануды, нысаналы индикаторлар көрсеткіштерінің орындалуы бойынша жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жандандыру ұсынылды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930