Равиль Тюлебаев 1982 жылы туған, білім жоғары, 2003 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-финансист» мамандығы бойынша, 2009 жылы осы университетті «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау облыстық аумақтық басқармасында бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып бастаған. Одан кейін Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маманы-бақылаушысы, бас маман-бас бақылаушы, Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бөлім басшысы, Қаржылық бақылау комитетінің және Қаржылық мониторинг комитеттері сарапшысы қызметтерін атқарған.
2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас консультанты, бас сарапшысы, Департамент директорының орынбасары, департамент директоры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып жұмыс істеді.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.
2021 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Атырау облыстық мәслихатының шешімімен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Мақаланың шыққан күні: 17.08.2020