АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

Обычная версия

Жаңалықтар мұрағаты
23.11.2021

2021 жылдың 12 қарашасы                                                                   060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі

Өткізілген уақыты: 12.11.2021 ж., 10.30 жергілікті уақытпен

Өткізілген орны: Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мәжіліс залы, 1 қабат

Күн тәртібінде:

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асыру.

ТЫҢДАЛДЫ:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің МОРБ интернет ресурсына 04.11.2021 ж. жүктеліп, 05.11.2021 ж. және                08.11-09.11.2021 ж. аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды.

Ішкі конкурсқа қатысуға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті Асима Аманкосовна Есенбаевадан құжаттары қабылданды. Басқа кандидаттар болған жоқ.

Кандидатпен 12.11.2021 ж. әңгімелесу өткізіліп, конкурстық  комиссия мүшелерімен толтырылған бағалау парақтарына сәйкес, №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті     Асима Аманкосовна Есенбаева барлығы 358 балл жинақтады.

 

Қызметкердің аты-жөні, тегі Конкурстық комиссия құрамы Үміткер Есенбаева Асима Аманкосовна
1 Дауталиева Жанат Махамбетовна Комиссия төрайымы 50 балл
2 Аккажиева Лаззат Сатыбалимевна Комиссия мүшесі 53 балл
3 Кайрошева Гульпан Мухитовна Комиссия мүшесі 50 балл
4 Конисов Нурбол Айтбаевич Комиссия мүшесі 51 балл
5 Бердиева Лаззат Набидулллаевна Комиссия мүшесі 51 балл
6 Кайргалиева Асем Галымгереевна Комиссия мүшесі 50 балл
7 Мулдагалиева Жулдыз Исатаевна Комиссия мүшесі 53 балл
Барлығы 358 балл

Конкурс комиссиясы мүшелері ұсынылған құжаттарды, әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен бірауыздан, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша 1-бірлік әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына Асима Аманкосовна Есенбаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Персоналды басқару

жөніндегі бас инспектор

Л.Н.Бердиева

 

22.11.2021

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесінің алдын ала жобасын талқылау мақсатында Тексеру комиссиясының төрағасы Р.Қуанышбайұлының бастамасымен ағымдағы жылдың 18 қараша күні «Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласына, білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеуге бөлінген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шара шеңберінде дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.

Дөңгелек үстелге Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің, Атырау аграрлы-техникалық колледжінің, Атырау сервис колледжінің, Атырау индустриалдық колледжінің, Әдістемелік орталықтың, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директорлары мен орынбасарлары және есепші мамандар қатысты.

Отырыста білім саласындағы атқарылып жатырған жұмыстар, ақпараттық технологиялардың енгізілуі және олқылықтар айтылды. Сонымен қатар, қатысушылардың ұсыныстары назарға алынды.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесінің алдын ала жобасын талқылау мақсатында Тексеру комиссиясының төрағасы Р.Қуанышбайұлының бастамасымен ағымдағы жылдың 18 қараша күні «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелерін аралық бағалау, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдалануына мемлекетік аудит жүргізу» іс-шара шеңберінде дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.

Мақсат денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау, алдын алу және шешу жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстелге Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, орынбасары, бөлім басшысы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының директоры, Атырау жоғары медицианлық колледжі директоры, Геолог емханасы директоры, Атырау облыстық жедел – жәрдем станциясы директорының орынбасары (емдеу ісі жөніндегі) және №3 Атырау қалалық емханасының экономисті мен есепші мамандар қатысты.

Отырыста денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатырған жұмыстар, тегін медициналық көмек, кадрлардың тапшылығы, заманауи медициналық технологиялардың енгізілуі, тұрғындардың медициналық көмек сапасына қанағаттану мәселелері және осы саладағы олқылықтар айтылды. Қатысушылардың ұсыныстары назарға алынды.

18.11.2021

15 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – Теңге айналымға шықты. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған күн болды.

Елімізде төл теңгеміздің енгізілуі ұлттық нарықтық инфрақұрылымды жасауға, өзіндік қаржы-несиелік және бюджеттік-салық саясатын жүзеге асыруға және реформаның алғашқы жылдарында тиімді саяси экономикалық тұрақтылыққа алып келді.

Ұлттық валюта күні, сонымен қатар қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп атануда.

Кәсіби мерекеге орай, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында салтанатты шара ұйымдастырлып, Тексеру комиссиясының төрағасы РавильҚуанышбайұлы аталмыш мерекелік жиынды ашып, жиынға шақырылған қаржы саласының ардагерлері, жергілікті қаржыгерлер, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Облыстық мәслихаты депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары сынды қонақтарға, тексеру комиссияларының қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алдағы қызметте сәттілік, отбасыларына амандық тілей отырып, тексеру комиссиясымен атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап өтті.

Қаржы саласының ардагерлері сөз алып, ыстық ықыластарымен, өздері қызмет жасаған жылдардағы тәжірибесімен бөлісіп, естеліктерін айтты.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Дауталиева қаржы саласының ардагерлері, құрметті азаматтарымен сауал жүргізіп, жауаптармен алмасты.

Жиын соңында Тексеру комиссиясының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізіліп, Атырау облысы әкімі, Облыстық мәслихат хатшысының, Тексеру комиссиясы төрағасының «Алғыс хат» – тарымен марапатталды.







2021 жылдың 12 қарашасы 060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі

Өткізілген уақыты: 12.11.2021 ж., 10.30 жергілікті уақытпен

Өткізілген орны: Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мәжіліс залы, 1 қабат

Күн тәртібінде:

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асыру.

ТЫҢДАЛДЫ:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің МОРБ интернет ресурсына 04.11.2021 ж. жүктеліп, 05.11.2021 ж. және                08.11-09.11.2021 ж. аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды.

Ішкі конкурсқа қатысуға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті Асима Аманкосовна Есенбаевадан құжаттары қабылданды. Басқа кандидаттар болған жоқ.

Кандидатпен 12.11.2021 ж. әңгімелесу өткізіліп, конкурстық  комиссия мүшелерімен толтырылған бағалау парақтарына сәйкес, №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті     Асима Аманкосовна Есенбаева барлығы 358 балл жинақтады.

Қызметкердің аты-жөні, тегі Конкурстық комиссия құрамы Үміткер Есенбаева Асима Аманкосовна
1 Дауталиева Жанат Махамбетовна Комиссия төрайымы 50 балл
2 Аккажиева Лаззат Сатыбалимевна Комиссия мүшесі 53 балл
3 Кайрошева Гульпан Мухитовна Комиссия мүшесі 50 балл
4 Конисов Нурбол Айтбаевич Комиссия мүшесі 51 балл
5 Бердиева Лаззат Набидулллаевна Комиссия мүшесі 51 балл
6 Кайргалиева Асем Галымгереевна Комиссия мүшесі 50 балл
7 Мулдагалиева Жулдыз Исатаевна Комиссия мүшесі 53 балл
Барлығы 358 балл

Конкурс комиссиясы мүшелері ұсынылған құжаттарды, әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен бірауыздан, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша 1-бірлік әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына Асима Аманкосовна Есенбаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Персоналды басқару

жөніндегі бас инспектор

Л.Н.Бердиева

02.11.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам ұлт жоспары» бағдарламасының 93-қадамында аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу мақсатында 2016 жылдың 15 қарашада «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданды.

Аталған заң талабына сай, қазір Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудитор сертификаты бар лауазымды тұлға жүргізеді. Осыған орай облыстық тексеру комиссиясында 15 мемлекеттік аудитор сертификаты бар лауазымды тұлға қызмет етуде.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізіліп отырған мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Міне, осы аталған жұмысты орындау мақсатында 2021 жылдың 9 ай қорытындысымен келесідей мәлімет ұсынамыз.

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 9 айда 98 мемлекеттік аудит объектілерінде, оның ішінде 56 мемлекеттік мекемелерде, 42 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 6 аудиторлық іс – шара өткізілді.

Мемлекеттік аудитпен 78,2 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 976 ,1 млн теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 713 ,6 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 209 ,3 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 53 ,1 млн теңге. (рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 432 бірлік).

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай үлесі Бюджет кодексінің нормаларының 724 ,2 млн теңге, Салық кодексінің нормаларының 45 ,2 млн  теңге, Жер кодексінің нормаларының 35 ,6 млн теңге, Мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларының 19 ,5 млн теңге, Еңбек кодексінің нормаларының 79 ,9 млн теңге және Бухгалтерік есептілікті жүргізу нормалары бойынша 24 ,4 млн теңге,  сақталмауынан болған.

2021 жылдың 9 ай қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындылары мен нұсқамаларында 96 ұсыныс пен 308 тапсырма берілді, оның ішінде 93 ұсыныс пен 263 тапсырма орындалды.

Қалпына келтіруге  жататын қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 713 ,6 млн.теңгеден мемлекеттік аудит объектілерімен 400,3 млн.теңге қалпына келтірілді.

135 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (1 басшы,
1 есепші жұмыстан босатылды).

Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау мақсатында 11 материал жолданды. Оның 4-еуі бойынша соттың үкімі шықты. Атап айтқанда:

Мұқыр ауылдық округінің әкім аппаратының есепшісі Г.Б. Кубашева қызметкерлердің атымен өзіне тиесілі жеке карт шоттарына сомасы 18,4 млн.теңге аударылғандығы анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде құқық қорғау органдарына жолданған материал бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 4-бөлігінің, 2) тармағымен 7 (жеті) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. (09.02.2021 жылы сот үкімі шықты).

Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есепшісі  А.Х. Биғалиева спорттық іс-шараға және іссапарларға бөлінген қаржыны дәлелдейтін құжаттарсыз және тиісті бұйрықтан артық көлемде
2,6 млн.теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 2-бөлігінің, 3) тармағымен есепші кінәлі деп танылып, 500 (бес жүз) сағат қоғамдық  жұмысқа тарту түріндегі жазасы тағайындалған. (17.02.2021 жылы сот үкімі шықты).

Атырау қаласы білім бөлімінің №26 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының есепшісі Г.К. Тленбаева сомасы 25 ,6 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатын өзінің банкомат картасына және туысқандарына артық аударғандығы анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігінің 2) тармағымен, 55-бабының 3-бөлігіне және  63-бабына сәйкес есепшіге шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. (21.05.2021 жылы сот үкімі шықты).

Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы (аудит жүргізу мерзімінде басқарма басшысынң орынбасары) және есепшісі еңбекақыға, іссапар шығындарына және іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын өздерінің және туысқандарының карт шоттарына аударып, 112,8 млн теңгені жымқырған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша басқарма басшысының Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 4-бөлігінің, 2) тармағымен кінәлі деп 7 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. 08.10.2021 жылы  сот үкімі шықты.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша шара қабылдау үшін уәкілетті органдармен жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп, тиісті түрде әкімшілік шаралары алынып отыр, атап айтқанда:

– Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданған аудит материалдары бойынша 148 әкімшілік хаттамасы толтырылып, жалпы сомасы 6 ,0 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды;

– Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолданған аудит материалы бойынша 1 әкімшілік іс бойынша сомасы 29,2 мың теңгеге айыппұл салынды.

– Салық кодексінің талаптарының сақталмауына орай әкімшілік шаралар алу мақсатында 7 әкімшілік іс қаралып, ескерту түрінде шара алынды

Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау бойынша 1 материал қаралып, нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 204,2 мың теңге әкімшілік айыппұл  салынды.

Талдау көрсеткендей, бұзушылықтардың басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланудан, еңбекақыға бөлінген бюджет қаржысын жымқырудан және жер сатудан бюджетке түсетін түсімдердің қазынаға толық түспеуінен болып отыр.

Мәселен, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдалану бюджет әкімгерлері тарапынан орын алған, мұндағы басты себеп бюджетті игерілмеуінен болатын жауапкершіліктен құтылу үшін, басшылар игерілу көрсеткішін 100%ға жеткізу жолында жалған ақпарат беру арқылы жергілікті бюджеттің есебінен кететін шығындарды республикалық бюджеттің есебінен жапқан.

Бұл бұзушылық негізінен бюджет шығыстарын дұрыс жоспарламауынан, ал кейде тіпті жоспарлаудың формальды болуынан орын алып отыр.

Тағы бір жие орын алатын бұзушылық – бюджет қаржысын жымқыру, ол көбіне есепшілер тарапынан орын алуда. Мұндағы басты себеп жеке басының материалдық жағдайын дұрыстау.

Бұл бұзушылық негізінен бірінші басшылар тарапынан бақылаудың болмауынан, нақты айтқанда басшылар өзінің электронды цифрлық қолтаңбаларын есепшілердің қолына беріп қояды.

Жиі кездесетін бұзушылықтардың үшінші түрі бұл бюджет түсімдерінің толық түспеуі. Басты себебі, салғырттық және өзара іс-қимылдың жоқтығы.

Мәселен, Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі жер сатудан түсетін ірі көлемде түсімдерді мүлдем бақыламаған. Ал, жерді сатып алған кәсіпкерлер тиісті қаржыны бюджетке төленгені туралы жалған түбіртектер ұсынған.

Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган түсімдердің нақты түскендігін мемлекеттік кірістер органдарынан тұрақты түрде көз жеткізіп отыру керек еді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша жоғарыда аталғандай шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, алдын алу шараларын нығайту үшін, осы қазан айында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы жанынан тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік кеңес құрылды. Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, Тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді.

Кеңестің отырысына жоғарыда көрсетілген жүйелі бұзушылықтар шығарылды, олар бойынша аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалып, тапсырмалар берілді.

Ай сайын жүйелі түрде аудандар және облыс бойынша бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебіне талдау жасақталып, бюджеттің атқарылуына және түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізіледі.

Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде Бюджет кодексінің қағидаттарының сақталмауы, яғни жоспарланған кезеңде салынған бюджет қаражаты өз мерзімдерінде орындалмайды, бюджет түсімдерінің болжамын жасақтау кезінде бюджет параметрлеріне сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары есепке алынбай қалуы сынды кемшіліктер анықталып отырады.

Өз тарпымыздан, бюджетті ағымдағы бағалау кезінде, облыстық бюджет кірісінің көздерін жетілдіруде аймақтың өз мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын қарастыру, әзірленетін бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімдердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау, бюджет қаражатының сапалы игерілуіне үнемі мониторинг жүргізіп отыру, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, қайталанбауына жол бермеу, кезекті жылға облыстық бюджетті жоспарлау кезінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескеру ұсынылады.

Ата кететін жәйт, биыл атаулы мереке, осыдан 10 жыл бұрын Елбасының 2011 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен штаттық саны 30 бірлікті құрайтын Сыртқы қаржылық бақылау жүйесінің жұмысын реттеп, жергілікті жердегі бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуына баға беретін осы өңірдегі Атырау облысы бойыша Тексеру комиссиясы мемлекеттік органы құрылған болатын.

Тексеру комиссиясы құрылғаннан бері облыс көлемінде қаржы бұзушылық саны азайып келеді.

Оның бір дәлелелі, облысымызда қаржы игеру деңгейі бір жолға қойылып, тәртіпке келтірілді.

Қаржы саласында мәслихат шешімдерімен ғана төленуге міндеттелген төлемдерге, біздің ықпалымызбен және ұсыныстарымыздың қабылдануымен өзгерістер енгізіліп, шешімдер жаңартылды.

Сонымен қатар, тексеру комиссия құрылғаннан бері, мемлекеттің активтерінің тиімді пайдалануына бақылау жүргізуді жиілету нәтижесінде, пайдаланбай тұрған қаншама мүліктер іске қосылып, мемлекеттің игілігіне , қызметкерлердің қолайлы жұмыс істеуіне ықпалын тигізіп отыр.

Бұрын, тексеру комиссиясы құзырына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама кірмеген болса, бүгінгі күні құзырымызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодсексінің 9 бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға толық мүмкіндігіміз бар.

Тексеру комиссиясының негізгі ұстанатын принципі ол – ашықтық. Барлық өткізілген шаралар облысымыздың қаржылық саласын нығайту бағытына бағытталады. Жүргізіліп жатырған аудиторлық іс-шараларының қорытындылары, отырыстары, дөңгелек үстел түріндегі жиындар, түсіндірме жүргізу жиындары БАҚ-та жарияланып отыр.

Интернеттің дамыған заманында, жасынан бастап зейнет жасындағы тұрғындарға Фейсбук, Инстаграм, ресми сайтымыз қол жетімді. Сонымен қатар, Е-Өтінім (Е-Обращение) желісіде жұмыс істеп тұр. Өңірімізде болып жатырған қаржы саласындағы олқылықтар аталған желілерде жазылған жағдайда ескеріліп, шараларын барынша алып отырмыз.

Өңірімізде мемлекеттік бюджеттің шығысы және қазына кірістерінің әр тиыны бақылаусыз қалмайтындығын бар тұрғынның қаперіне береміз.

22.10.2021

Тексеру комиссиясының Ережесіне сәйкес комиссиясының тиімді қызметі, аудиторлық іс-шараларды жүргізудің барлық кезеніңде консультативтік көмек көрсету және сүйемелдеу мақсатында, 2021 жылдың 5 қазандағы №105 бұйрығымен Тексеру комиссиясы төрағасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік Кеңес құрылып, Ережесі бекітілді.

Кеңестің алғашқы отырысын ашқан Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы – Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы Консультативтік кеңестің құрамымен таныстырып, негізгі мақсатын түсіндірді.

Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері және тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді. Консультативтік кеңестің төрағасы болып Атырау облыстық мәслихатының депутаты Абдолов Амангелды Аманиязұлы және орынбасары комиссия мүшесі Құмаров Асылан Жумабиденұлы бекітілді.

Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңестің 1-отырсында 3 негізгі яғни, мемлекеттік аудиторлық іс-шара кезінде анықталған бұзушылықтар мен оның себеп салдары туралы мәселе шығарылып кеңінен талқыланды.

1-мәселе бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша аудиторлық іс-шаралардың орындалысы, 2-мәселе білім беру саласындағы қаржы бұзушылықтар және 3-мәселе денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер туралы аудиторлық іс-шараға жауапты комиссия мүшелерін баяндамалары мен аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізді.



06.10.2021

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы Төлебаев Равиль Қуанышбайұлының 2021 жылдың 5 қазанындағы № 105 бұйрығымен, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы Ережесінің 22 тармағының  18) тармақшасына сәйкес, Тексеру комиссиясының тиімді қызметі, аудиторлық іс-шараларды жүргізудің барлық кезеңінде консультативтік көмек көрсету және сүйемелдеу мақсатында, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік кеңес құрылып, Кеңестің Ережесі бекітілді.

Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, Тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді. Консультативтік кеңестің төрағасы Атырау облыстық мәслихатының депутаты Абдолов Амангелды Аманиязұлы, орынбасары болып Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Құмаров Асылан Жұмабиденұлы ұсынылып бекітілді. Консультативтік кеңестің мүшелері болып,  келісім бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы, Қарсақова Замзагүл Ондасынқызы, Шалабаева Насіп Кисметуллақызы, «Nur Otan» партиясы» Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азаматов Арман Серікұлы, Атырау адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Адиева Альфия Дәулетқалиқызы, Салық саласының ардагері, қоғам белсендісі Юсупов Батырбек Даңбасұлы, Атырау адалдық алаңы «ААА» қоғамдық қорының төрағасы Ускенбаев Сакен Булекбайұлы қоғам белсендісі және Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мулдагалиева Жулдыз Исатайқызы, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Кайргалиева Асем Галымгереевна бекітілді.

Кеңестің негізгі міндеттері Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыруы кезінде сараптамалық, консультативтік, әдістемелік көмек көрсету, тиісті мәслихаттарға ұсынылатын облыстық бюджеттің, облыс қалалары мен аудандары бюджеттерінің атқарылуы туралы жыл сайынғы есепті дайындауға көмек көрсету, Тексеру комиссиясы қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ, қаржылық бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілуіне ықпал ететін жағдайларды зерделеудің нәтижелерін талқылап, оларды жою бойынша ұсынымдарды шығарады, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу, оларды қабылдау немесе бас тарту туралы негізделген ұсыныстарды енгізумен, аудит объектілерінің қарсылықтарын қарау, қажет болғанда, қайталап аудиторлық іс-шараларды тағайындау (қайта тексеру) туралы ұсыныстарды енгізу, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен жүргізілген сапа бақылауы нәтижелері бойынша туындаған қарсылықтар мен келіспеушіліктерді қарау, жергілікті бюджеттің атқарылуына жүргізілген бағалаудың (талдаудың) нәтижелерін қарау, аудиторлық іс-шараларды жүргізу рәсімдерін жетілдіру, жоспарлауды жетілдіру, аудит сапасын арттыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу болып табылады.

Тексеру комиссиясы аппаратының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Кеңестің жұмысын қамтамасыз ететін Жұмыс органы болып табылады. Кеңестің жалпы отырысы оның барлық мүшелерін шақырумен, әдетте, үш айда бір реттен кем емес өткізіледі. Консультативтік кеңестің кезекті отырысына өткен жылдардағы тексеру комиссиясымен Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқаманың, Қаулылардың тармақтарының орындалу барысы туралы мәселені талқылау мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдау арқылы үш мәселе қаралатын болады.

 

фэйсбук""

28.09.2021

Баспасөз-релиз

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында  Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімінің №22 жалпы орта мектебі КММ-не 2020 – 2021 жылдың I-жартыжылдығында бөлінген және игерілген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасының қорытындысы қаралды.

Аталған іс-шараға сәйкес Жылыой ауданының білім бөлімінің №22 жалпы орта мектебі мемлекеттік аудитпен қамтылып, аудит  нәтижесімен жалпы сомасы 3 364,3 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары және 4 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларының  талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алынбауынан орын алған.

Бұның өзі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, әрі үнемді жұмсау қағидаттарының сақталмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларына сәйкестігіне қайшы келетіндігін атап өткен жөн.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемеде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

14.09.2021

2021 жылдың 10 қыркүйекте Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында  Атырау қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына, сонымен қатар төтенше жағдай кезеңінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға бюджет қаражатын қаржыландырылуының және мақсатқа сай пайдаланылуының негізділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды. Мемлекеттік аудитпен «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтылды. Нәтижесімен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 23 225,4 мың теңгені құрады, соның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 23 225,4 мың теңге және рәсімдік бұзушылықтар 51 бірлікті құрады.

Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңдарының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан орын алған.

Соның салдарынан аудит объектілерінде еңбекақы есептеп төлеуде, мемлекеттік сатып алу мен бухгалтерлік есепті жүргізуде, құрылыс жұмыстарын жүргізуде басшылар мен есеп кадрларының тарапынан уақытылы қадағалау мен талдау жұмыстарының жүргізілмеуінен жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берілген. Бұның өзі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, әрі үнемді жұмсау қағидаттарының сақталмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларына сәйкестігіне қайшы келетіндігін атап өткен қажет.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелерде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар тапсырылды.