Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу

Мақаланың шыққан күні: 23.02.2023

2023 жылдың 21 ақпанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.

Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бұдан әрі – ЖБ ШҚЕ) Атырау облысы Қаржы басқармасымен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (бағынысты мекемелерінің есептілігін қоса) шоғырландырылған қаржылық есептіліктерінің және бюджеттің түсімдерінің есептілігі негізінде жасақталады.

Аудитпен қамтылған кезеңде ЖБ ШҚЕ 35 (оның ішінде жергілікті бюджетті атқару жөніндегі қала, 7 аудандардың жергілікті уәкілетті органының қаржылық есептіліктері) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есептерінен құралған, олар 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік баланс, 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп,  ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс), таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп және қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтиды.

Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 27 538 976,4 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қалпына келтіруге жататыны  27 538 976,4 мың теңге. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны    7 бірлік.

Қаржылық есептіліктегі бұрмаланулар негізінен Бюджет кодексі, №640 Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының,  №393 Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының,  Есеп саясатының талаптары сақталмауы, есеп қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, заңнама нормаларын сақтауына басшылықтың тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуі болып табылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың жазбаларының дұрыстығына жүргізілген талдаумен анықталғаны, Мемлекеттік мүлік тізілімі (https://e-qazyna/kz) сайтының «Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізіліміндегі» мемлекеттік кәсіпорындардың деректері 2021 қаржы жыл жағдайына шоғырландырылған бухгалтерлік баланста 27 535 967,44 мың теңге көлемінде көрсетілмеген. Сәйкесінше, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің 110 «Ұзақ мерзімді активтер» жолында қаржылық инвестициялардың баланстық құны төмендетілген.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет, бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасауға қатысты заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930