Жергілікті атқарушы органдардың борышының басқарылуына мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша баспасөз релизі

Мақаланың шыққан күні: 03.04.2019

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2019 жылдың 12- 28 ақпан аралығында«Жергілікті атқарушы органдардың борышының басқарылуына» мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудитпен «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 257015711 – «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу», 257016212 – «Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» бағдарламалары қамтылды.

2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына мекеменің есебіне сәйкес Атырау облысы бюджетіне республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (іс жүзіндегі) сомасы 14 414,2 млн. теңгені құрады, төлем кестесіне сәйкес қайтарылғаны 3 830,7 млн. теңге. Негізгі борыш қалдығы 10 583,5 млн теңге. (қайтару мерзімі 2033 жылға дейін).

Күні бүгінге республикалық бюджеттен алынған қарыздар, жасақталған шарттың қосымшасында көрсетілген төлем кестесіне сәйкес уақытылы төленіп отырған.

Кешіктіріліп төленген қарыздар мен қарыздар бойынша сыйақылар анықталған жоқ.

Қорытындысында 2019 жылдың 28наурызында Тексеру комиссиясының отырысы өткізіліп, Қаулы қабылданды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930