2020 жылғы 20 қарашада Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңгейіне баға беру және бюджет қаражатының пайдаланылуына және мемлекеттік мүліктерді сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарына, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаражаттың, яғни жергілікті бюджет шығындарының орнын толтыруға бағытталған шығыстарға жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралған Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудит қорытындысы бойынша бюджет, өзге де заңнама, мемлекеттік сатып алу және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптары сақталмауынан бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 3 367 691,0 мың теңге. Аудит қорытындысы бойынша сомасы 125 922,3 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 97 455,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 28 467,1 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар саны 79 бірлік.
Қала, кент, ауыл бюджетіне түсетін кірістер түсімдерінің негізгі үлесі жоғары тұрған бюджет трансферттеріне тиесілі, бұл кірістерді ұлғайту бойынша жұмыстың жеткіліксіз екенін айғақтайды. Сондай-ақ, бюджетті бекіту кезінде кейбір түсімдердің көлемі болжамдалмағанын атап өткен жөн.
Тиісті жылға бюджеттік өтінімді жасап, ұсынылғанда заңнама (қағида) талаптарын ескермей, яғни негіздеуші құжаттарды жалғамай ұсыну фактілеріне жол берілген.
Еңбекақы есептеп, төлеу бойынша мекеменің есепшілері (қызметкерлеріне) өзіне тиесілі жеке карт шоттарына қолдарына тиісті еңбекақыдан артық, негізсіз аударылған фактілері анықталды.
Іссапар шығындары бойынша негізсіз, қате есептелуінен артық төленуге жол берілген.
Мемлекеттік сатып алу заңнаманың қолданылуына тиісті бақылау жасалмайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшінтұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімде мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз бермеген.
Бюджет заңнамасы бұзыла отырып, құрылыс салу, ағымдағы жөндеу және қызметтер бойынша нысандарда орындалған жұмыстардың анық расталуы қамтамасыз етілмеген, мердігерлік ұйымдардың жұмыстары сапасыз орындауына жол берілген.
Қала, кент, ауылдық оркургтер мемлекеттік сатып алу негізінде сатып алынған тауарлар, мүліктер, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында экономикалық дамуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасымен орнатылған ойын және спорт алаңдары қараусыз, сынып қалу фактілері байқалды, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкелді және бақылаудың болмауын айғақтайды.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша кепілдік жарнаныкешіктіріп аударуды, кешіктіріп мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған.Сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі, объектіні сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептерінқұрылтайшыға ұсынбау орын алған.
Бұдан басқа, Сенімгерлік басқарудың шарты бойынша сенімгерлік басқарушы тарапынан міндеттемелерді орындамау фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және оларға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған тапсырмалар берілді. Бірқатар материалдар құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жіберілді.