2022 жылдың 7 шілдесінде облыс әкімдігінің 2 қабатының мәжіліс залында Тексеру комиссиясымен өткен жылдардағы жергілікті бюджеттің жоспарлануына, атқарылуына, сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің толықтығына, мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шарасы бойынша аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының және селекторлық режимде қала, аудан әкімдерінің қатысуымен тексеру комиссияссының төрағалығымен қорытынды отырыс өтті.
Отырыста аталған іс-шараға жауапты комиссия мүшесі А.Құмаровтың баяндамасы тыңдалды.
Аудиторлық іс-шарамен барлығы 13 объекті қамтылып, қорытындысымен 19,5 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар сомасы 7 млн.теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 131,8 млн.теңге және тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының жалпы сомасы 19,1 млрд.теңгені құраған. Жіберіп алған пайда 370,5 млн.теңге. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 92 бірлік.
Мәселен, 2021 жылға Экономика басқармасы тарапынан нақтыланған жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндіктері бола тұрса да, 206 109 коды бойынша түсімдер жоспарына өзгертулер енгізілмей, Бюджет Кодексінің «Негізділік принципі» сақталмай жасанды жолмен 8,8 млрд.теңге артық тиімсіз жоспарланғандығы белгілі болған.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің Атырау қалалық экономика бөліміне ұсынылған экономикалық қорытындыларды талдау барысында қажеттілкке байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі бойынша ақпараттар көрсетілмеген. Бұл алдағы уақытта басымдылығы жоғары өзге де проблемалардың елеусіз қалу қаупін тудырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу функциясы тиісті деңгейде жүзеге асырылмай, Атырау қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалардың бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемі мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде ұсынбағандығы анықталды.
Құрманғазы ауданында Ұлттық экономика министрінің Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидатының талабы сақталмай, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2021-2023 жылға және 2022-2024 жылға бюджеттік бағдарламаларының жобалары бөліммен, яғни ауданға қарасты ауылдық округтері тарапынан мүлдем келісу жұмыстары жасалмаған және Индер Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандарында дәл осындай факті яғни бөліммен кейбір бөлімдер уақытылы келісуді қамтамасыз етілмеген.
Бюджетті нақтылау кезінде өткен жылы облыс бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бірнеше инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражытын тиімсіз жоспарлау фактілеріне жие жол берілген.
Нәтижесінде кейбір жобалар аяқсыз қалған. Мәселен, тапсырыс беруші облыстың Энергетика басқарамасы болып табылатын «Құрманғазы ауданы Азғыр аймағынан елді мекендерін электрмен жабдықтау үшін «Ганюшкино – Асан» ЭЖ-110 кв жоғарғы кернеулі желісінің құрысылысына жобалық сметалық құжаттамаларды жасақтау» бойынша, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген Шекара маңындағы ауылдық аумақтарды дамытудың орындалмау жағдайына жеткізілген және аталған жоба күні бүгінге дейін аяқталмаған яғни, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізілмеген.
Құрылыс басқармасында түрлі себептерге байланысты «Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінде 300 орындық мектеп құрылысын салу» жобасы үшін берілген қаражат қысқартылып, күні бүгінге дейін аяқталмай балалардың білім алуына толықтай жағдай жасалған.
«Индер ауданы, Көктоғай ауылындағы 120 орындық Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке жапсаржай құрылысын салу» жобасы бойынша монтаждау жұмыстарына рұқсатнама алу кезінде аталған жобаға кешенді ведомстводан тыс сараптаманың уақытының 3 жыл өтіп кетуіне байланысты жоба іске қосылмаған.
Құрылыс басқармасымен 086-015 бағдарламасынан 55,0 млн.теңгені құрайтын «Атырау қаласындағы 11 мектеп үшін асхана кеңейтімін аяқтау» жобасы бойынша жобалау сметалық құжаттамаларда техникалық қадағалау қызметі көзделмегендіктен жобаны іске асыру мүмкіндігі болмай Құрылыс басқармасы тарапынан бюджет қаржысы кері қайтарылған.
Сонымен қатар, «Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріз жүйелері мен имараттарының құрылысын салу» жобасы үшін берілген қаржы өткен жылы қараша айында бюджетті нақтылау кезінде жобаның аяқталмауына байланысты игерілмеу қаупі ескеріліп, 138,8 млн.теңге бюджет қаражаты қысқартыла отырып жобаның аяқталу мерзімі 2022 жылға ұзартылып, 416 млн.теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы басқармасымен «Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық трансферттер есебінен берілген 1,8 млрд.теңге игерілмей қаржы кері қайтарылған.
Кәсіпкерлік басқармасымен 09.12.2020 жылы 2021 жылға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және Еңбек мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру бағдарламасына 3,5 млрд.теңге бөлінген. Бөлінген бюджет қаражатының мақсаты азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, яғни облыс бойынша азаматтардан жиналған өтінімдердің тізіміне сәйкес 252 кәсіпкерлік нысан құрылып, онда 134 жұмыс орны ашылу көзделген. Алайда, жыл ішінде, жоспарланған 3,5 млрд.теңгені объективті себептер болмасада қысқартып, Бюджет кодексінің «Нәтижелілік» қағидаты сақталмай тиімсіз жоспарлануға жол берілген.
Аудандарда бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бағалар мониторингісіне сәйкес бағаларға талдау жүргізбейтіндігі белгілі болды.
Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімінде өзінің негізгі міндеті ауданның бюджетін жоспарлау жұмыстарын тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу салдарынан, Бюджет Кодексінің «Негізділік» принципі сақталмай, 2021 жылы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің балансында есепте тұрмайтын объектілерді күтіп-ұстауға 12,9 млн.теңге, 2022 жылы 5,8 млн.теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға жол берген.
Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасы бойынша Тексеру комиссиясы Кірістер органдарымен алынған мәліметтерге талдау жүргізіліп, нәтижесінде жергілікті бюджетке түсуі қажет айыппұлдар басқа облыстардың бюджетіне түсіп кеткендігі анықталды.
Жиын соңында комиссия бір ауыздан аудит объектілеріне нақты тапсырмалар беру жөнінде шешім қабылдады.