Тексеру комиссиясының аппарат мәжілісі

Мақаланың шыққан күні: 02.08.2019

Бүгін, 1 тамыз күні, тексеру комиссиясының төрағасы Р.Бектемірдің төрағалығымен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының I –жартыжылдығында атқарылған жұмысының қорытындысы қаралды. Мәжілістің бірінші мәселесі бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің жетекші маманы А.М.Сапиева ант қабылдады. Келесі мәселе бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Құмаров Сапа бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің I-жартыжылдығы бойынша қорытынды талдамалық есебін оқып, аудиторлардың жұмыс барысындағы жие кездесетін кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар, тексеру комиссиясының әр аудиторға шаққандағы талдамалық көрсеткіштерін баяндады. Мәжіліс барысында аудиторлар өз ұсыныстарын қосып, пікірілерімен бөлісті. Төртінші мәселе бойынша Әкімшілік бөлімінің басшысы Ж.Жалелова құрылымдық бөлімшелердің II–тоқсанының жұмыс жоспарларының орындалысы туралы баяндады. Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Дауталиева тағайындалған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндап, баяндама соңында аудит жүргізетін мемлекеттік аудиторлардың жетіспеуіне байланысты аудиторлық іс-шаралар жүргізуге қатысу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінен босатуды сұрады. Тексеру комиссиясының төрағасы Р.Бектемір Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларынан аппарат басшысы Ж.Дауталиеваны босатып, ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметші ретінде комиссия мүшесі А.Ж.Құмаровты ұсынды. Барлық қызметкерлер бір ауыздан А.Құмаровтың кандидатурасын қолдап, Тексеру комиссиясының төрағасы Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын А.Құмаровқа жүктеу туралы шешім етті.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930