«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 24 ақпандағы №8-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес, «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінің жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14611196