Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Т.М. Сүлейменовтың төрағалығымен өткен кеңес отырысының хаттамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен 2023 жылғы 4 қаңтарда «Жылумен жабдықтау саласындағы басқару тиімділігіне, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің тартылған қаржы қаражатының нысаналы пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасын ұйымдастыру бойынша тексеру комиссияларымен бейне-конференция байланысы арқылы жиналыс өткізілді. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 6 – 31 қаңтар аралығында аталған іс-шарасы бойынша зерделеу жұмыстары басталды.
Осыған орай, Сіздерден жылумен жабдықтау саласында ұсыныстарыңызды 45-84-41 телефон арқылы немесе analitika_revcom@mail.ru электронды почтаға жолдауларыңыз сұралады.