«Облыстық коммуналдық меншіктің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»

Мақаланың шыққан күні: 25.07.2023

«Облыстық коммуналдық меншіктің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасымен Атырау облысы Қаржы басқармасына    (Бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит қорытындысымен – 71 888,0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 857,5 мың теңге, ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы – 71 030,5 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны – 14 бірлік.

Мемлекеттік аудит барысында өтелуге жататын 857,5 мың теңге бюджет кірісіне толықтай өндірілді.

Аудиттің қорытындысымен облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында басқарма тарапынан жұмыстарды ұйымдастырудағы белгілі бір кемшіліктердің бар екенін көрсетті. Мемлекет меншігіндегі мүліктерді бір деңгейінен екіншісіне беру рәсімдерінің тиісті мерзімдері сақталмағандығы, сауда саттық рәсімдерін ұйымдастыру кемшіліктер жіберілгендігі, өткізілген кейбір электрондық аукциондардың хаттамасы кешіктіріліп шыққандығы, есептен шығарылған кітапхана қорларын қайта өңдеу бойынша төлемдер бюджетке түспегендігі анықталды.

Сонымен қатар, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен теңгеріміне мүліктерді рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. берілген мүліктік кешендері сенімгерлік басқаруға бері рәсімдері кезінде келесім шартты мемлекеттік тіркеу, тиісті бағалаулар жүргізу және келісім шарт талаптарының сақталуы кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды.

Құқықтық баға беру мақсатында 1 факті бойынша материал Атырау облыстық прокуратурасына жіберілді. Отырыс қорытындысымен, аудит объектілеріне ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

DSC_0006 DSC_0002

Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930