Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2023

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласына облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының аудиторлық қорытындысы қаралды.

Аталған іс-шарамен Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде (бұдан әрі – Департамент) аудит жүргізілді.

Нәтижесімен 1 914,7 млн теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 406,9 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 1 255,6 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 252,1 млн теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 36 бірлік. Соның ішінде:

-92,6 млн теңгені құрайтын 11 дана жеңіл автокөлігі күні бүгінге пайдаланылмаған. Соның ішінде  74,6 млн теңгеге 9 автокөлік бекітілген нормадан артық сатып алынған;

-Дағдарыс орталығын құру барысында жиһаздар, құрал-жабдықтар сатып алынған және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 332,3 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалған. Алайда, қаражатты пайдалану барысында ашықтық, айқындық қағидаттары сақталмай, жиһаздар, құрал-жабдықтардың бағалары көрсетілмеген, жөндеу жұмыстарының ақаулық актісі, сметалық құжаттамалары жасалмаған;

-77,0 млн теңгеге жуық қаражатқа сатып алынған бейнеқадағалауды трансляциялау құрылғылары өңірде орнатылған бейнебақылау жүйелеріне, оның ішінде «Сергек» бейнебақылау жүйесіне және мемлекеттік органдардың, теміржол вокзалының, әуежайдың және ықтимал қауіпті объектілердің жүйелеріне қосу арқылы ақпаратты қамту көзделген. Алайда, әлі күнге құрылғылар іске қосылмаған;

-Жалпы сомасы 902,3 млн теңгеге 4 бірлік өртсөндіргіш арнаулы автокөлігін алу жоспарланып, оның орнына компьютерлік жабдықтар, бейнебақылау мен халықты құлақтандыру құрылғылары, цифрлық камералар және т.б. құрал-жабдықтар сатып алынған.

-Бұдан бөлек, өрт сөндіру техникаларын, құрал-жабдықтар сатып алу үшін жоспарланған 353,3 млн теңге бюджет қаражаты игерілмеуіне байланысты бюджетке кері қайтарылып, бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.

Анықталған бұзушылықтар Бюджет кодексінің, Мемлекеттiк сатып алу, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк қағидаларының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмау салдарынан, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізген.

Аудит нәтижесімен Департамент қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізіліп, бұдан әрі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Құрамында әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 14 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031