«Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласына, білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеуге, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу» мемлекеттік аудиттің қорытынды отырысы қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 09.12.2022

2022 жылдың 06 желтоқсанында Тексеру комиссиясында Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласына, білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеуге, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген аудит қорытындысының отырысы өтті.

Мемлекеттік аудит тиімділік, нәтижелілік және мәнділік көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған 11 аудит объекті бойынша 3 473 240,6 мың теңгенің бұзушылығы анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылық 1 701 308,5 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 625 848,6 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 1 146 083,5 теңге. Сондай-ақ, 1 жүйелік кемшілік және рәсімдік сипаттағы 109 бұзушылық анықталды.

ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігінің негізгі көрсеткіштері түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.

Бұл ретте, ТжКБ ұйымдарын бітіргеннен кейінгі түлектердің жұмысқа орналасу бойынша 2018-2021 жылдары оң динамика байқалғанымен, 2021-2022 оқу жылында ТжКБ ұйымдарын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуы деңгейі алдыңғы екі жылмен салыстырғанда төмендеген.

Түлектердің жұмысқа орналастыру мониторингінде Білім беру басқармасының мәліметі мен Ұлттық білім беру деректер қорының «Түлек» базасындағы ақпартта сандық алшақтықтар анықталды.

Техникалық және кәсіптік білім бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырғанда мүдделі ұйымдар ұсыныстарының жеткілікті деңгейде ескерілмейтіндігі байқалады және ұсыныстарға сапалы зерттеу жүргізілмейді.

Басқарманың Бюджеттік жоспарлау бөлімінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің болмауы (бөлімде 4 маман қызмет атқаруда, барлығы да мемлекеттік қызметшілер емес, азаматтық қызметшілер) бос штаттық лауазымдарын толтыруда қабылданып жатқан шаралардың жеткілікті еместігін көрсетеді.

Басқарма қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволық бағынысты кәсіпорындардағы әкімшілік шығыстардың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі көрсеткіштерін және мемлекеттік мүлікті басқару, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етпейді.

Бұдан басқа, ТжКБ ұйымдарының кітапханалар қорын жаңартылған оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету төмен деңгейде екендігі байқалады.

Басқарма Бюджет Кодексін және Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бұза отырып, бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен дұрыстығын және растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етпеген және сатып алынатын тауарлардың негіздемесі жалғанбаған. Бұл жағдайлардың барлығы кейіннен бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау мен пайдалануға әкеп соқты.

Басқармамен бюджет қаражаты жоспарланып, пайдалануда қолданыстағы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы ескерілмейді.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту кезінде тәртіпті және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтамайды.

Басқарма ТжКБ ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатына тиісті мониторинг пен бақылау жүргізбейді. Бұл бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына, кейіннен бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына алып келді.

ТКжБ ұйымдарына бюджет қаражатын жоспарлағанда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидасы мен әдістемесін қолданбайды.

ТКжБ ұйымдарымен бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талабы бұзылып бұзушылықтарға жол берген, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептер бюджет заңнамасы, құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік мүлік туралы заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілер саласындағы заңнаманың тиісінше сақталмауынан.

Аудит қорытындысы бойынша қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту мақсатында шаралар қабылдау, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша тапсырмалар және келесідей ұсынымдар берілді:

-Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың «Бюджеттік жоспарлау бөліміндегі» бос штаттық лауазымдарын толтыру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

-Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқармаға қарасты кәсіпорындар шығыстарының лимиттерін белгілеу;

-ТжКБ ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналасу мониторингін өзектендіру, жаңа қосымша тетіктерді қолдану мәселесін қарастыру;

-Сұранысқа ие мамандықтарды анықтау мақсатында жыл сайын зерттеу жүргізуді қолға алу;

-Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырғанда ұсыныстарды, зерттеу нәтижелерін ескере отырып сапалы қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау.

Аудит нәтижесімен әкімшілік істерді қарауға уәкілетті органдарға 45 бұзушылық фактілері бойынша материал жіберілді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031