«Мемлекеттік спорттық тапсырыстың іске асырылуы, сонымен қатар Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жекелеген бағдарламалары мен спорт ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы нәтижесі бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 06.11.2023

2023 жылдың 27 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Мемлекеттік спорттық тапсырыстың іске асырылуы, сонымен қатар Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жекелеген бағдарламалары мен спорт ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.

Аудиторлық іс-шарамен Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған Тізбесіне сәйкес 7 аудит объектісі және үстеме тексерумен күрделі жөндеудің орындалысы бойынша 1 аудит объектісі қамтылды.

Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 1 191 033,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 22 135,6 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 24 089,9 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 1 144 808,0 мың теңге және рәсімдік бұзушылықтар 65 бірлік.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен қаржылық бұзушылық бойынша жалпы сомасы 20 584,5 мың теңге қалпына келтірілді, оның ішінде қалпына келтірілгені 17 578,1 мың теңге, бюджет есебіне өтелгені 3 006,4 мың теңге.

Бұзушылықтар негізінен Бюджет кодексі, Еңбек кодексі, Мемлекеттік сатып алу заңдылықтары, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджетті жоспарлау талаптарының сақталмауы, сонымен қатар мемлекеттік спорттық тапсырысқа қатысты қағидалар мен әдістемеліктердің талаптарын қамтамасыз етпеуі болып табылады.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасауға қатысты заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031