Мемлекеттік қызмет.

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2021

Қоғамның кез-келген саласының дамуы, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы – мемлекеттік қызметкердің еңбегімен тікелей байланысты. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Сәйкесінше мемлекеттік қызметкердіңде жауапкершілігі зор.

Өңірімізде, жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асырған және асырып келетін мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ескергім келеді. Тосыннан келген кеселге қарсы тұруда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің білімділігінен, тәжірибесінен бөлек, сонымен қатар отан сүйгіштік, әділдік, қарапайымдылық секілді адами құндылықтарымен кез-келген ортада үлгі бола білді.

Осындай зор міндетті атқаратын мен таңдаған «мемлекеттік қызмет – адал еңбек» ұстанымыммен мемлекеттік қызметке тұрып, бүгінгі таңда өзіме жүктелген функцияларды адал атқарып, бас маман лауазымында қызмет етіп келемін. Мемлекеттік қызметкер ретінде өзіме артылған жүк пен жауапкершіліктің жоғары екенін білемін. Осыған орай бойымдағы бар білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, өз міндетімді адал, абыроймен атқарып келемін.

Атқарып жүрген қызметімді «қара тілді қақ жаратын» әділдіктің туы етіп көтеріп, өзімнің кәсіби білімім арқылы белсенділік позициясында көрсету жолында екенімді аса зор сенімділікпен айта аламын. Яғни, кез келген қызметте немесе лауазымда, қандай жағдайда болмасын, мемлекеттік қызмет жолында сенімділік пен мызғымас беріктікті жоғалтпай жұмыс атқару қажеттігін әсте естен шығармадым.

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-

мемлекеттік аудитордың ассистенті

Ш.О.Ахметова


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930