Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлықтыққа жағдай туғызатын мәселелермен одан арылу жолдары

Мақаланың шыққан күні: 17.07.2019

Біз бүгінде мүлдем жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз десек те, сол қоғамды жегідей жеген дерт – сыбайлас жемқорлықтың белең алуы экономиканың дамуына кедергі әсерін тигізетіні анық.

Қолында билігі бар кейбір шенеуліктер бірінші кезекте өзінің мемлекеттік қызметші екенін ұмытып, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылққа жол беріп жатады. Әртүрлі жолмен пайда табу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмысты жүзеге асырып нәтижесінде өкінішпен қиын жағдайға душар болады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатырғаны өздеріңізге мәлім.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен басты себептерін талдай отырып мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы, кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын ойлау, тамыр таныстық, ағайын туыстық, қызмет атқарып отырған мемлекеттік органның халыққа қызмет көрсету түрінің неғұрлым көп болуы, бақылау қадағалау фунциясы бар мемлекеттік органдарда, басшылар тарапынан қарамағындағы қызметкерлерге бақылаудың әлсіздігінен және де қоғамдық бақылаудың аз болуынан туындайды.

Ал, менің ойымша мемлекеттік қызметші әрдайым ойында өзінің функцианалдық міндеттері мен құқықтарына сәйкес заңға қайшы келмейтін істермен әрекет етуді, Қазақстан Ресупбликасының Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауы, еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіздік пен тазалық талаптарын сақтау, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, әлеуметтік қорғалу құқығын біліп және өз елінің патриоты болып таза еңбекақысына сай елге қызмет ету қажет деп ойлаймын. Сонда ғана әрбір мемлекеттік қызметшінің алар белесі алдында.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Мақаланы дайындаушы

Атырау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі А.Құмаров


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930