2021 жылдың 12 қарашасы 060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 көшесі
Өткізілген уақыты: 12.11.2021 ж., 10.30 жергілікті уақытпен
Өткізілген орны: Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мәжіліс залы, 1 қабат
Күн тәртібінде:
Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асыру.
ТЫҢДАЛДЫ:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің МОРБ интернет ресурсына 04.11.2021 ж. жүктеліп, 05.11.2021 ж. және 08.11-09.11.2021 ж. аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды.
Ішкі конкурсқа қатысуға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті Асима Аманкосовна Есенбаевадан құжаттары қабылданды. Басқа кандидаттар болған жоқ.
Кандидатпен 12.11.2021 ж. әңгімелесу өткізіліп, конкурстық комиссия мүшелерімен толтырылған бағалау парақтарына сәйкес, №1 мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті Асима Аманкосовна Есенбаева барлығы 358 балл жинақтады.
№ | Қызметкердің аты-жөні, тегі | Конкурстық комиссия құрамы | Үміткер Есенбаева Асима Аманкосовна |
1 | Дауталиева Жанат Махамбетовна | Комиссия төрайымы | 50 балл |
2 | Аккажиева Лаззат Сатыбалимевна | Комиссия мүшесі | 53 балл |
3 | Кайрошева Гульпан Мухитовна | Комиссия мүшесі | 50 балл |
4 | Конисов Нурбол Айтбаевич | Комиссия мүшесі | 51 балл |
5 | Бердиева Лаззат Набидулллаевна | Комиссия мүшесі | 51 балл |
6 | Кайргалиева Асем Галымгереевна | Комиссия мүшесі | 50 балл |
7 | Мулдагалиева Жулдыз Исатаевна | Комиссия мүшесі | 53 балл |
Барлығы | 358 балл |
Конкурс комиссиясы мүшелері ұсынылған құжаттарды, әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен бірауыздан, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері, блок-В, D-3 санаты бойынша 1-бірлік әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына Асима Аманкосовна Есенбаеваның кандидатурасы ұсынылды.
Персоналды басқару
жөніндегі бас инспектор
Л.Н.Бердиева