Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 27.09.2023

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Арт Спорт» жобасы шеңберінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жүзеге асырылуына, сонымен қатар, қала және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне бөлінген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының аудиторлық қорытындысы қаралды.

Аталған іс-шарамен Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Атырау қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Атырау қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Жылыой ауданы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жылыой ауданы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі»,

Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі,

Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Өнерпаз» аудандық мәдениет  үйінде аудит жүргізілді.

Нәтижесімен 426,5 млн. теңгенің бұзушылықтары анықталды. Соның ішінде қаржылық бұзушылық 6,5 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 317,2 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 102,6 млн теңге және 147 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.

Анықталған бұзушылықтар Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Мемлекеттiк сатып алу Заңының, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу қағидаларының, Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмау салдарынан, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізген.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстар негізінде жүзеге асырылған шығармашылық үйірмелер кеңсе, техникалық қызмет көрсету және бизнес орталықтарында, дәріхана, цокольді үй-жайларда, «Сарайшық» коммуналдық базарының әкімшілік ғимаратында, т.б. талапқа сәйкес емес ғимараттарда орналастырылғаны анықталды.

Ал реттеуші құжаттарда шығармашылық үйірмелер өткізу үшін білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының объектілері мен құрылыстарының инфрақұрылымы көзделгендіктен, аталған бұзушылықтар 62,3 млн. теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келді.

2022 жылдың мамыр айынан бастап өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру процестерін үнемделген қаражаты бола тұра негізсіз тоқтатып, игерілмеген 279,9 млн. теңге бюджетке қайтарылған.

2020-2023 жылдар ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге 798,4 мың теңге артық бонус есептеліп төленген. Сонымен қатар, Бюджет кодексінің тиімділік қағидаты бұзылып 20,6 млн теңге тиімсіз жоспарлануына жол беріліліп, соның ішінде 20,3 млн. теңгесі игерілмеуіне байланысты бюджетке қайтарылған.

2022 жылға бекітілген мәдени іс-шаралар жоспарының жыл ішінде кейбір шаралар өткізілмей, жоспардан тыс басқа мәдени іс-шаралар енгізіліп, ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарлар мен қызметтер бәсекелестік ортаға жіберілмей, тікелей келісім шарт жасау арқылы сатып алынғаны анықталды.

Бұдан бөлек, 2,1 млн. теңге көлемінде халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау жұмыстар үшін төленетін 35% қосымша ақы негізсіз төленген.

Республикалық бюджеттен бөлінген 956,1 мың теңге трансферт мақсатына сай жұмсалмай, жоғары тұрған бюджетке қайтарылмағаны анықталды.

24,5 мың теңгеге іс-сапар шығындары, 265,8 мың теңгеге қызметкерлердің сауықтыру жәрдемақылары қате есептелген және 763,0 мың теңгеге негізсіз еңбекақы төленгені анықталды.

Бухгалтерлік есептілік жүргізу қағидаларының талаптары сақталмай, 1,6 млн. теңге қаржылық есептелілігінде қате көрініс тауып, бухгалтерлік есептің бұрмаланып жасақталуына алып келген, мердігерге 15,0 мың теңге көлемінде қосымша құн салығы негізсіз төленуіне жол берілген.

Жыл басында жоспарланған қаражат игерілмеу қаупі туындауына байланысты 12,3 млн. теңге бюджетке кері қайтарылған. 4,7 млн. теңгеге Парус-каз бағдарламасына және ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттамаға авторлық, техникалық қадалау қызметінің шығынын негізсіз жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен мекемеге сатып алынған автокөлік пайдаланылмай, республикалық бюджетке берілген және спорт тауарларына жоспарланған қаражат басқа мақсатқа жұмсалып, нәтижесінде 16,5 млн теңге тиімсіз пайдаланылған. Мамандықтары лауазымына сәйкес келмейтін қызметкерлерге негізсіз жоғары санат тағайындалып, 10,4 млн. теңге жалақы төленген.

2022 жылға жоспарланған мәдени іс-шаралар өткізілмей, орнына 13,4 млн. теңгеге жоспардан тыс іс-шаралар өткізілген.

Аудит нәтижесімен аудит обьектілерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізіліп, бұдан әрі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есепті жүргізуден және мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптары сақталмағаны үшін әкімшілік іс қозғау мақсатында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы 109 материал жолданып, комиссия отырысына дейін 13 материалға 483,0 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке өтелді.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031