Баспасөз-релиз
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімінің №22 жалпы орта мектебі КММ-не 2020 – 2021 жылдың I-жартыжылдығында бөлінген және игерілген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасының қорытындысы қаралды.
Аталған іс-шараға сәйкес Жылыой ауданының білім бөлімінің №22 жалпы орта мектебі мемлекеттік аудитпен қамтылып, аудит нәтижесімен жалпы сомасы 3 364,3 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары және 4 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алынбауынан орын алған.
Бұның өзі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, әрі үнемді жұмсау қағидаттарының сақталмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларына сәйкестігіне қайшы келетіндігін атап өткен жөн.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемеде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.