Бүгін яғни 2021 жылдың 23 сәуір күні облыстық мәслихаттың келісімімен және тексеру комиссиясының төрағасымен бекітілген Тексеру комиссиясының мүшелеріне қатысты 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында комиссия төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Құмаровтың төрағалығымен облыс көлеміндегі облыстық қала және аудандардағы қаржы және экономика салысы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне 2019-2021 жылдың 1-тоқсанындағы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы, бюджет кодексі, мемлекеттік аудит және қарыжылық бақылау туралы заңнама нормалары туралы,сондай-ақ, қаржы және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарды болғызбау және алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары бойынша семинар кеңес өткізілді.А.Құмаров семинар кеңесті ашып, 2019-2021 жылдың 1-тоқсанына тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталды.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2019-2021 жылдың 1-тоқсанында 31 аудиторлық іс шара бойынша 366 аудит объектілерінде тексеріс өткізген болатын. Аудитпен 176 млрдқа жуық бюджет қаржысы қамтылды. Нәтижесінде заң нормаларының сақталмауынан анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 11 млрдқа жуықтады, оның ішінде 9 млрдқа жуық қаржы бұзушылықтың 7 млрд 919 млны қалпына келтіріліп бюджетке өтелді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан республикалық бюджеттен бөлінген 328 млн теңге трансферттер сомасын мақсатсыз пайдаланылғандығы анықталып кері қайтарылды.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Есеп комитетімен Тексеру комиссияларына бірлесіп барлық дейгейде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаржының жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылған болатын.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша орындалмаған жұмыстарға жалпы соммасы 131 млн теңге қаражат аударған және атқарушы органдар тарапынан бірнеше заң нормаларын жүйелі түрде өрескел бұзған.Жалпы аудит барысында анықталғандай көңіл көншітетін жайт бұл әр салада 310 млнға жуық бюджет қаражатын кейбір пысықай тұлғалар тарапынан жымқырып қолды болғанын және сот үкімімен жазалар тағайындалғанын жеткізді.
Талдау көрсеткендей мекеменің бірінші басшылары тарпынан бақылаудың жоқтығынан өздерінің есепшілеріне электорндық қолтаңба кілтін сеніп беріп қойып, нәтижесінде осындай қылмыстарға жол берілген.
Сондай-ақ, Анықталған бұзушылықтар Бюджет, Еңбек кодексінің, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, Мемлекеттiк сатып алу, Заңдарының, талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан орын алған.
Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 1 млрд 143 млн теңгені құраса тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 528 млн 400 мың теңге, сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 787 бірлікті құрап отыр.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 5 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылса, тексеру комиссиясының ұсынысына сәйкес 142 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 8 млн 640 мың теңге айыппұл салынды. 278 лауазымды тұлғалар түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылып отыр.
Әр сала бойынша басқада кемшіліктер мен құқық бұзушылықтар жетіліп артылады.Қорытылай келе, қазіргі таңда, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсалудың бірінші кезекте әрі маңызды екені өздеріңізге белгілі. Деседе жергілікті атқарушы органдардың кемшіліктер көп болып тұр. Заңды көп білсең, қаупі соғұрлым аз болады демекші, комиссия тарапынан әрбір іс-шаралар аяқталысымен жергілікті атқарушы органдарға қаржы және өзге де бұзушылықтардан сақтаныңыздар деп жие айтсақта, бұзушылық көп екені бізді алаңдатады.
Қазірден бастап жауапкершілікті сезінбесек қатаң жазаның болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар тарапынан заң нормаларын қатаң ұстануды ұсынамыз.Бюджет қаражатын жыл аяғында игеру кезінде заң бұзушылыққа жол берілетіне тікелей себеп болатыны жасырын емес.
Ал, тексеру комиссиясы бұзушылық салдарынан болған аудит нәтижелерін құқық қорғау органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органдарына жолдауға және нұсқама берілетін болатынын айтты.
Семинар барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, комиссия мүшелерімен аудиторлар сұрақтарға өз құзіреті шегінде жауаптар берілді.
Мақаланы дайындаған: Тексеру комиссиясының аппараты.