Атырау қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына, сонымен қатар төтенше жағдай кезеңінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға бюджет қаражатын қаржыландырылуының және мақсатқа сай пайдаланылуының негізділігіне мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2021

2021 жылдың 10 қыркүйекте Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында  Атырау қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына, сонымен қатар төтенше жағдай кезеңінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға бюджет қаражатын қаржыландырылуының және мақсатқа сай пайдаланылуының негізділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды. Мемлекеттік аудитпен «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтылды. Нәтижесімен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 23 225,4 мың теңгені құрады, соның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 23 225,4 мың теңге және рәсімдік бұзушылықтар 51 бірлікті құрады.

Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңдарының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан орын алған.

Соның салдарынан аудит объектілерінде еңбекақы есептеп төлеуде, мемлекеттік сатып алу мен бухгалтерлік есепті жүргізуде, құрылыс жұмыстарын жүргізуде басшылар мен есеп кадрларының тарапынан уақытылы қадағалау мен талдау жұмыстарының жүргізілмеуінен жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берілген. Бұның өзі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, әрі үнемді жұмсау қағидаттарының сақталмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларына сәйкестігіне қайшы келетіндігін атап өткен қажет.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелерде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар тапсырылды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қазан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031