Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесінің алдын ала жобасын талқылау мақсатында Тексеру комиссиясының төрағасы Р.Қуанышбайұлының бастамасымен ағымдағы жылдың 18 қараша күні «Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласына, білім беру жүйесін әдістемелік сүйемелдеуге бөлінген бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шара шеңберінде дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.
Дөңгелек үстелге Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің, Атырау аграрлы-техникалық колледжінің, Атырау сервис колледжінің, Атырау индустриалдық колледжінің, Әдістемелік орталықтың, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директорлары мен орынбасарлары және есепші мамандар қатысты.
Отырыста білім саласындағы атқарылып жатырған жұмыстар, ақпараттық технологиялардың енгізілуі және олқылықтар айтылды. Сонымен қатар, қатысушылардың ұсыныстары назарға алынды.