Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге және квазимемлекеттік сектор субьектілеріне бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына»мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасы бойынша аудиторлық қорытындысы қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 01.02.2022

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге және квазимемлекеттік сектор субьектілеріне бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына»мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасы бойынша аудиторлық қорытындысы қаралды.

Мемлекеттік аудитпен 10 аудит объектісі қамтылды, атап айтқанда:

«Сарайшық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Шолпан» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен 105 млн теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 19 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 51 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 35 млн теңге, қалпына келтіруге жататыны 16 млн теңге, өтелуге жататыны 2 млн теңге, мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілгені 7 млн теңге, бюджетке өтелгені 209 мың теңге және 116 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, Мемлекеттiк сатып алу, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңдарының, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмау салдарынан, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізген.

Мемлекеттік аудит нәтижесімен ауылдық округ әкімдерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізіліп, бұдан әрі округтің және округ әкімдігінің қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, кейбір ұсыныстар берілді:

-жұмыссыздар санын азайту мақсатында жұмыссыздарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту;

мектепке дейінгі балаларды толыққанды бала-бақша орындарымен қамтамасыз ету іс-шараларын үйымдастыру;

-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегін бөлуді реттеу;

ауданаралық қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз ету.

Бұдан бөлек, аудит обьектілеріне аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді қаперге ала отырып, алдағы уақыттарда болдырмау және қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту және анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шара алу бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 35 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданып, комиссия отырысына дейін 8 лауазымды тұлғаға 481,7 мың теңге айыппұл салынды.







Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031