Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ішкі саясатты іске асыруға және Қазақстан халқы Ассамблеясына, жастар саясатына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасы бойынша аудиторлық  қорытындысы қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2022

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ішкі саясатты іске асыруға және Қазақстан халқы Ассамблеясына, жастар саясатына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасы бойынша аудиторлық  қорытындысы қаралды.

Аталған іс-шара негізінде «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы»  мемлекеттік мекемесі, «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудитпен қамтылды.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен 213 138,5 мың теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 17 064,8 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 101 236,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 94 837,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 29 бірлік.

Ішкі саяат басқармасымен әлеуметтік зерттеулер 11 982,5 мың теңге  жүргізілген. Алайда, әлеуметтік зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбей, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Мәселен, әлеуметтік зерттеу қорытындысымен тиісті облыстық басқармалар мен қала және аудан әкімдіктеріне берілген ұсыныстардың орындалысы Ішкі саясат басқармасымен қадағаланбай, орындалу жұмыстары жалғасын таппаған.

Сондай-ақ, Әлеуметтік жобалар жоспарланғанда маңыздылығын, өзектілігін айқындау мақсатында Кеңеске шығарылып талқыланбаған, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерге жобалардың тиісті топқа әсер ету дәрежесі анықталмаған, іс-шараларға қатысушылармен кері байланыс ретінде сауалнамалар жүргізілмеген.

Ішкі саясат басқармасымен жобалардың іске асырылуын әлеуметтік желілерде тарату қолға алынбаған.

«Жасыл ел» жалпы ұлттық жобасын іске асыру бойынша маусымдық жұмыстарға жастарды тарту арқылы көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс бағыттарында жұмыстар жүргізілген. Алайда, аталған бағыттар бойынша (қандай мекемелерді, көшелерді, саябақтарды т.б. тазалық жұмыстары жүргізілетін жерлер белгіленбеген) нақты жұмыс кестесі бекітілмеген, уәкілетті органдармен келісілмеген.

Жергілікті басылымдарда жоспарланған тақырыптар мағынасына, өзектілігіне қарай жүйеленбеген, БАҚ арқылы жарияланатын ақпараттардың тақырыптары ешбір комиссияның келісімінсіз, талқыланусыз жоспарланған яғни, тақырыптардың өңір тұрғындары үшін өзектілігі айқындалмаған.

Қазіргі таңда облыс бойынша штабтан тыс 57 волонтерлік ұйыммен (Атырау қаласында-30, аудандарда-27) 1000-ға жуық волонтер қызмет атқарады, бірақ олардың еңбегін бағалау бойынша көтермелеу шаралары жүргізілмеген.

Жастар ресурстық орталығының штатында 20 маман бола тұрса да, жылдық жоспарда көзделген имидждік іс-шаралар Үкіметтік емес ұйымдарын тартуымен өткізілген.

Бюджет кодексінің, Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту қағидаларының талаптары бұзыла отырып, басқарманың ведомстволық бағынысындағы мекеме болып табылмайтын «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалына құрал-жабдықтар сатып алу үшін 101 236,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, соның ішінде 77 370,8 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, құрал-жабдықтар 2019 жылдан бері пайдаланусыз тұрғаны анықталды.

Сондай-ақ, құны 11 999,0 мың  теңгенің мекемеге бекітілген лимиттен артық автокөлігін негізсіз пайдаланғаны және «Атырау Ақпарат» ЖШС-мен жергілікті басылымдарда жарық көрген мақалалардың көлемі асыра есептеліп, орындалмаған жұмысқа барлығы 4 355,8 мың теңге негізсіз қаражат төленген.

Бюджет Кодексінің және Мемлекеттік мүлік туралы Заңның «мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану» принципі сақталмай, Жастар ресурстық орталығына 2005 жылы қолданысқа берілген Алмагүль ықшам ауданында орналасқан құны 52 955,0 мың теңгені құрайтын ғимарат осы күнге дейін пайдаланусыз тұрғандығы анықталды.

Бұдан бөлек, аудитпен қамтылған объектілерде еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы есептеп төлеуде және iссапар шығындары бойынша заңнама талаптары сақталмай қызметкерлерге 457,5 мың теңге бюджет қаражатын артық төлеу бұзушылықтары анықталды.

Жастар ресурстық орталығымен 2017 жылдан қызметтік автокөліктің жарамсыз күйде тұрғанына қарамастан, 252,5 мың теңгенің беріліс қорабын сатып алған, қандай мақсатпен алынғаны белгісіз.

Азаматтық орталығымен функционалдық міндеттерді жасанды түрде қайталау және қажеттілігі төмен штаттық орындарды ұстау фактілері анықталып, аудандарында  7 штаттық орын үшін еңбекақы шығындарына 3 жыл ішінде 17 146,5 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Сондай-ақ, Азаматтық орталығымен мемлекеттік тапсырыспен іске асырылған жобалардың ешқандай нәтижесі болмай, 1200,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Себебі, жоба бойынша көп балалы және әлеуметтік осал топтарға жататын аналарға кәсіптік бағдар беру, шағын кәсіпкерлікьің негіздеріне үйрету көзделген.

Алайда, аталған жобадан алатын түпкілікті нәтиже және аталған дағдылар бойынша жобаға қатысушылармен кәсіп ашу жолдарының бағыттары қарастырылмаған.

Семинар мен тренинг жүргізу, ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету аудит объектісінің негізгі мақсаттарының бірі.

Алайда, семинар мен тренинг жүргізуге қажетті ақпараттар онлайн форматта ақысыз қолжетімді бола тұра, 4 мердігермен 6440,2 мың теңге ақылы қызмет көрсетіліп, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Аталған жағдай Қоғамдық келісімде де орын алып, жалпы сомасы 4883,4 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Әкімшілік істерді қарауға уәкілетті органдарға 8 бұзушылық фактілері бойынша материал жіберілді.

Отырыс қорытындысымен аудит обьектілерінде қызметін жетілдіру, жүйелеу бойынша  ұсынымдар беріліп, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Тексеру комиссиясымен келісуге  тапсырма берілді.



Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031