Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысының ауылдық округтеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Мақаланың шыққан күні: 18.10.2022

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысының ауылдық округтеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Аудиторлық іс-шарамен 23 аудит объектісі, оның ішінде Атырау қалалық 4 ауылдық округтері және Жылыой ауданы бойынша 4, Құрманғазы ауданы бойынша 10, Исатай ауданы бойынша 5 ауылдық округтер қамтылды.

Нәтижесімен жалпы сомасы 158 млн теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 91  млн теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 18 млн теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 48 млн теңге. Оның қалпына келтіруге жататыны 87 млн теңге, өтелуге жататыны  4 млн теңге. Аудит барысында 33 млн теңге қалпына келтіріліп, бюджет есебіне 2 млн теңге өндірілді. Рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны 130 бірлікті құрады.

Бұзушылықтардың негізгі себептері мемлекеттік сатып алуда шарттардың орындалысының сақталмауы, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуі, сенімгерлік басқаруға берілген мүліктерге қатысты мәселелердің ҚР Бюджет кодексі, Мүлік туралы Заңы,  тағы да басқа заңнамалар талаптарын сақталмауынан, есеп қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, лауазымды тұлғалардың құзыреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі, заңнама нормаларын сақтауына басшылықтың тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуі болып табылады.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелердің  жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізіліп, халықтың тұрмысын жақсартуда іс-шараларды ұйымдастыру, бюджеттің түсім көздерін ұлғайту, жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тарту, коммуналдық мүлікті тиімді басқару мақсатында ұсынымдар мен анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есепті жүргізуге қатысты заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Аудит нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органға жолданды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930