Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам ұлт жоспары» бағдарламасының 93-қадамында аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу мақсатында 2016 жылдың 15 қарашада «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданды.
Аталған заң талабына сай, қазір Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды мемлекеттік аудитор сертификаты бар лауазымды тұлға жүргізеді. Осыған орай облыстық тексеру комиссиясында 15 мемлекеттік аудитор сертификаты бар лауазымды тұлға қызмет етуде.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізіліп отырған мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Міне, осы аталған жұмысты орындау мақсатында 2021 жылдың 9 ай қорытындысымен келесідей мәлімет ұсынамыз.
2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 9 айда 98 мемлекеттік аудит объектілерінде, оның ішінде 56 мемлекеттік мекемелерде, 42 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 6 аудиторлық іс – шара өткізілді.
Мемлекеттік аудитпен 78,2 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 976 ,1 млн теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 713 ,6 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 209 ,3 млн теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 53 ,1 млн теңге. (рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 432 бірлік).
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай үлесі Бюджет кодексінің нормаларының 724 ,2 млн теңге, Салық кодексінің нормаларының 45 ,2 млн теңге, Жер кодексінің нормаларының 35 ,6 млн теңге, Мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларының 19 ,5 млн теңге, Еңбек кодексінің нормаларының 79 ,9 млн теңге және Бухгалтерік есептілікті жүргізу нормалары бойынша 24 ,4 млн теңге, сақталмауынан болған.
2021 жылдың 9 ай қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындылары мен нұсқамаларында 96 ұсыныс пен 308 тапсырма берілді, оның ішінде 93 ұсыныс пен 263 тапсырма орындалды.
Қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 713 ,6 млн.теңгеден мемлекеттік аудит объектілерімен 400,3 млн.теңге қалпына келтірілді.
135 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (1 басшы,
1 есепші жұмыстан босатылды).
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау мақсатында 11 материал жолданды. Оның 4-еуі бойынша соттың үкімі шықты. Атап айтқанда:
Мұқыр ауылдық округінің әкім аппаратының есепшісі Г.Б. Кубашева қызметкерлердің атымен өзіне тиесілі жеке карт шоттарына сомасы 18,4 млн.теңге аударылғандығы анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде құқық қорғау органдарына жолданған материал бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 4-бөлігінің, 2) тармағымен 7 (жеті) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. (09.02.2021 жылы сот үкімі шықты).
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есепшісі А.Х. Биғалиева спорттық іс-шараға және іссапарларға бөлінген қаржыны дәлелдейтін құжаттарсыз және тиісті бұйрықтан артық көлемде
2,6 млн.теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 2-бөлігінің, 3) тармағымен есепші кінәлі деп танылып, 500 (бес жүз) сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасы тағайындалған. (17.02.2021 жылы сот үкімі шықты).
Атырау қаласы білім бөлімінің №26 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының есепшісі Г.К. Тленбаева сомасы 25 ,6 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатын өзінің банкомат картасына және туысқандарына артық аударғандығы анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар негізінде Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігінің 2) тармағымен, 55-бабының 3-бөлігіне және 63-бабына сәйкес есепшіге шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. (21.05.2021 жылы сот үкімі шықты).
Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы (аудит жүргізу мерзімінде басқарма басшысынң орынбасары) және есепшісі еңбекақыға, іссапар шығындарына және іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын өздерінің және туысқандарының карт шоттарына аударып, 112,8 млн теңгені жымқырған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша басқарма басшысының Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 4-бөлігінің, 2) тармағымен кінәлі деп 7 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. 08.10.2021 жылы сот үкімі шықты.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша шара қабылдау үшін уәкілетті органдармен жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп, тиісті түрде әкімшілік шаралары алынып отыр, атап айтқанда:
– Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданған аудит материалдары бойынша 148 әкімшілік хаттамасы толтырылып, жалпы сомасы 6 ,0 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды;
– Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жолданған аудит материалы бойынша 1 әкімшілік іс бойынша сомасы 29,2 мың теңгеге айыппұл салынды.
– Салық кодексінің талаптарының сақталмауына орай әкімшілік шаралар алу мақсатында 7 әкімшілік іс қаралып, ескерту түрінде шара алынды
Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау бойынша 1 материал қаралып, нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 204,2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Талдау көрсеткендей, бұзушылықтардың басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланудан, еңбекақыға бөлінген бюджет қаржысын жымқырудан және жер сатудан бюджетке түсетін түсімдердің қазынаға толық түспеуінен болып отыр.
Мәселен, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдалану бюджет әкімгерлері тарапынан орын алған, мұндағы басты себеп бюджетті игерілмеуінен болатын жауапкершіліктен құтылу үшін, басшылар игерілу көрсеткішін 100%ға жеткізу жолында жалған ақпарат беру арқылы жергілікті бюджеттің есебінен кететін шығындарды республикалық бюджеттің есебінен жапқан.
Бұл бұзушылық негізінен бюджет шығыстарын дұрыс жоспарламауынан, ал кейде тіпті жоспарлаудың формальды болуынан орын алып отыр.
Тағы бір жие орын алатын бұзушылық – бюджет қаржысын жымқыру, ол көбіне есепшілер тарапынан орын алуда. Мұндағы басты себеп жеке басының материалдық жағдайын дұрыстау.
Бұл бұзушылық негізінен бірінші басшылар тарапынан бақылаудың болмауынан, нақты айтқанда басшылар өзінің электронды цифрлық қолтаңбаларын есепшілердің қолына беріп қояды.
Жиі кездесетін бұзушылықтардың үшінші түрі бұл бюджет түсімдерінің толық түспеуі. Басты себебі, салғырттық және өзара іс-қимылдың жоқтығы.
Мәселен, Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі жер сатудан түсетін ірі көлемде түсімдерді мүлдем бақыламаған. Ал, жерді сатып алған кәсіпкерлер тиісті қаржыны бюджетке төленгені туралы жалған түбіртектер ұсынған.
Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган түсімдердің нақты түскендігін мемлекеттік кірістер органдарынан тұрақты түрде көз жеткізіп отыру керек еді.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша жоғарыда аталғандай шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, алдын алу шараларын нығайту үшін, осы қазан айында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы жанынан тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік кеңес құрылды. Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, Тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді.
Кеңестің отырысына жоғарыда көрсетілген жүйелі бұзушылықтар шығарылды, олар бойынша аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалып, тапсырмалар берілді.
Ай сайын жүйелі түрде аудандар және облыс бойынша бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебіне талдау жасақталып, бюджеттің атқарылуына және түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізіледі.
Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде Бюджет кодексінің қағидаттарының сақталмауы, яғни жоспарланған кезеңде салынған бюджет қаражаты өз мерзімдерінде орындалмайды, бюджет түсімдерінің болжамын жасақтау кезінде бюджет параметрлеріне сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары есепке алынбай қалуы сынды кемшіліктер анықталып отырады.
Өз тарпымыздан, бюджетті ағымдағы бағалау кезінде, облыстық бюджет кірісінің көздерін жетілдіруде аймақтың өз мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын қарастыру, әзірленетін бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімдердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау, бюджет қаражатының сапалы игерілуіне үнемі мониторинг жүргізіп отыру, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, қайталанбауына жол бермеу, кезекті жылға облыстық бюджетті жоспарлау кезінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескеру ұсынылады.
Ата кететін жәйт, биыл атаулы мереке, осыдан 10 жыл бұрын Елбасының 2011 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен штаттық саны 30 бірлікті құрайтын Сыртқы қаржылық бақылау жүйесінің жұмысын реттеп, жергілікті жердегі бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуына баға беретін осы өңірдегі Атырау облысы бойыша Тексеру комиссиясы мемлекеттік органы құрылған болатын.
Тексеру комиссиясы құрылғаннан бері облыс көлемінде қаржы бұзушылық саны азайып келеді.
Оның бір дәлелелі, облысымызда қаржы игеру деңгейі бір жолға қойылып, тәртіпке келтірілді.
Қаржы саласында мәслихат шешімдерімен ғана төленуге міндеттелген төлемдерге, біздің ықпалымызбен және ұсыныстарымыздың қабылдануымен өзгерістер енгізіліп, шешімдер жаңартылды.
Сонымен қатар, тексеру комиссия құрылғаннан бері, мемлекеттің активтерінің тиімді пайдалануына бақылау жүргізуді жиілету нәтижесінде, пайдаланбай тұрған қаншама мүліктер іске қосылып, мемлекеттің игілігіне , қызметкерлердің қолайлы жұмыс істеуіне ықпалын тигізіп отыр.
Бұрын, тексеру комиссиясы құзырына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама кірмеген болса, бүгінгі күні құзырымызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодсексінің 9 бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға толық мүмкіндігіміз бар.
Тексеру комиссиясының негізгі ұстанатын принципі ол – ашықтық. Барлық өткізілген шаралар облысымыздың қаржылық саласын нығайту бағытына бағытталады. Жүргізіліп жатырған аудиторлық іс-шараларының қорытындылары, отырыстары, дөңгелек үстел түріндегі жиындар, түсіндірме жүргізу жиындары БАҚ-та жарияланып отыр.
Интернеттің дамыған заманында, жасынан бастап зейнет жасындағы тұрғындарға Фейсбук, Инстаграм, ресми сайтымыз қол жетімді. Сонымен қатар, Е-Өтінім (Е-Обращение) желісіде жұмыс істеп тұр. Өңірімізде болып жатырған қаржы саласындағы олқылықтар аталған желілерде жазылған жағдайда ескеріліп, шараларын барынша алып отырмыз.
Өңірімізде мемлекеттік бюджеттің шығысы және қазына кірістерінің әр тиыны бақылаусыз қалмайтындығын бар тұрғынның қаперіне береміз.