Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен «2021-2022 жылдардағы жергілікті бюджеттің жоспарлануына және атқарылуына бюджет жүйесінің қағидаттарының сақталуын, сондай-ақ, 2019-2021 жылдардағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың тиімділігіне, мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасымен 13 объекті қамтылды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармасы, Атырау қаласының, аудандардың Экономика және қаржы бөлімдері, Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылау басқармасы және Мемлекеттік еңбек инспекциясы.
Аудит қорытындысымен 19 597 729,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 7 088,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 131 815,0 мың теңге және тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 19 088 283,0 мың теңге. Жіберіп алған пайда 370 543,1 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар саны 92 бірлік. Қаржылық бұзушылықтар ішінде өтелуге жататыны 7 088,2 мың теңге.
Түсімдердің ішінен жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органмен кірістер органдарының бірнеше нақтылаулар мен түзетулер енгізуге мүмкіндігі болсада, 2021 жылға жалпы сомасы 13 824 304,3 мың теңгеге салықтар, алымдар, міндетті төлемдер және бюджетті алып қоюлардан жоспар орындамаған.
Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму (Бұдан әрі – ӘЭД) қорытындыларын талдау және мониторинг жүргізу кезінде аудит объектісімен ӘЭД қорытындыларын талдау және мониторинг қорытындыларын орындаушы мен қолданушыға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, ӘЭД көрсеткіштері тізімін бекіту және оларды енгізу тетіктерін оптимизациялау, яғни электронды жүйе енгізу қажет етіледі.
Сондай-ақ, қалалық ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарын қарау және олар бойынша қорытынды беру кезінде аудит ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.12.2014 жылғы №129 бұйрығының 3-қосымшасының «Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі» бойынша ақпараттар көрсетілмегендігі анықталды. Бұл аудит объектісі тарапынан басымдылығы жоғары өзге де проблемалардың елеусіз қалу қауіпіне жол берілгендігін көрсетті.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде аудит объектісімен БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемі мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты ББӘ тарапынан ұсынылуы қамтамасыз етілмеген.
Аудандардағы экономика және қаржы бөлімінде ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – №195 Бұйрық) талаптары сақталмай, ББӘ-нің 2021-2023 жылға және 2022-2024 жылға бюджеттік бағдарламаларының жобалары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен, яғни ауданға қарасты ББӘ тарапынан аудит объектісімен келісу жұмыстарымен қамтамасыз етілмеген.
ББӘ тарапынан өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерін дұрыс үйлестіре алмауынан, жұмыс этапының жоспарлау жүйесі төмен деңгейде екенін көрсете отырып, нәтижесінде субъективті себептермен тауарлардың уақытылы жеткізілмеуінен, жасалған жұмыстың актілері болмауынан және келісім-шарт міндеттемелерінің мерзімі тығыз болуына байланысты бюджет қаражаты игерілмеген. Бюджет қаржысының жоспарлануы барысында ББӘ-мен аудит объектісі тарапынан немқұрайлылық танытылып, бюджеттік өтінімдер келіп түскен уақытта инвестициялық жобалардың ұзақтығы, алдыңғы қаржы жылындағы жоспардың игерілген көлемі және жобалардың құжаттамаларының сәйкестігіне толыққанды сараланбастан бюджет қаржысының тиімсіз жоспарлап, осының салдарынан көп жағдайда жыл соңында бюджет қаржысын қысқартуларға жол беріледі.
Жоспарлау процесімен айналысатын кадрлардың біліктілік деңгейі, оларда қаржылық жоспарды әзірлеу дағдыларының болуы және мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шараларды айқындау, жоспарлау жүйесінің табысты жұмыс істеуіне және нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің негізгі қағидаттарын қолдануға ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы негізгі проблемалардың бірі сабақтастықтың болмауы.
Сонымен қатар, ББӘ тарапынан жыл басында белгілі бір жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінген бюджет қаражаттарын, жыл соңында игерілмеген қаражат бойынша жауапкершіліктен құтылу мақсатында, мердігерлермен жасақталған келісім шартты екі жақты келісім бойынша немесе бір жақты бұзып, бюджеттік нақтылау кезінде нақты себептерін көрсетпестен қысқартуға ұсыныс беру тұрақты үрдіске айналған.
Осының салдары бюджеттің тиімсіз жоспарлануына және пайдалануына әкеліп соққан. Нәтижесінде 19 088 283,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланғандығы, 128 800,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау немесе пайдалану дегеніміз бұл түпкілікті нәтижелердің орындалмау жағдайының бірден-бір факторы болып табылады. Осылардың салдарынан облыс бойынша 17 жоба аяқсыз қалған.
Бюджет қаражатын жоспарлау барысында жергілікті бюджетті жоспарлауға уәкілетті орган тарапынан бюджеттік өтінімдер толық сараланбаған. Себебі, инвестициялық жобаларға бюджет қаражатын жоспарлаған кезде жобалық сметалық құжаттамаларының уақыты өтіп кетуінен және жобалық сметаларда техникалық қадағалаушылардың көзделмеуінен секілді жағдайлар орын алған.
Анықталған көптеген бұзушылықтар тиісті қаржы жылындағы бюджетті жоспарлау барысында келіп түскен бюджеттік өтінімдердің талданбауынан туындаған. Себебі, бюджет қаражаттарын жоспарлау және қысқарту кезінде басты себептер мен негіздемелер көрсетілместен негізсіз қысқартуларға жол берілген.
Жоғарыда аталған бұзушылықтарды саралайтын болсақ аудит объектісі тарапынан Атырау облысы әкімдігінің 30.10.2018 жылғы №270 қаулысымен бекітілген Ереженің 14-тармағының 42-тармақшасындағы облыстық бюджетті әзірлеу кезінде облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды, талдайды және қорытынды әзірлеу функциясы толыққанды жүзеге асырылмағандығын көрсетті. Облыс бойынша ББӘ өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс үйлестіре алмауынан халықтың сұраныстарын толықтай қанағаттандырмаған.
Сондай-ақ, ББӘ тарапынан бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мердігер қызметін келісім шартта белгіленген мерзімде жүргізуін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін көрсетті.Коммуналдық меншік бойынша Қаржы басқармасының коммуналдық шарушылық жүргізу бөлімдері өздеріне жүктелген функцияларды және қадағалауды толыққанды жүзеге асырылмауынан туындаған. Осының салдары коммуналдық меншіктердің тиімді басқарылуына, бюджет есебіне түсетін қаржылардың уақытылы аударылуына өз әсерін тигізген.
Қала және Мақат аудандық қаржы бөлімдерінде Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 6-бабының «Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері» яғни, Мемлекеттік мүлікті басқару: 4) тармақшасына сәйкес «мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану» принципін сақталмай, ғимараттар жергілікті атқарушы органдардың мәселені шешу жолын таппауынан күні бүгінге дейін қолданылмай тұрған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдардың жергілікті бюджетке уақытылы және толық өндірілуі және өндірілу бойынша алынған шаралар бағытында аудит объектілерінде басқармамен құқығы тиісінше пайдаланылмаған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жалпы тәртіппен жүзеге асырмау фактісі, тұлғалармен қате төленген айыппұл сомаларын тиісті бюджетке уақытылы есепке жатқызуды асырмау фактісі және айыппұл сомасын төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға тиісті шараларды қабылдамау фактісі орын алды.
Басқармамен қозғалған істердің қызметкерлерге келетін үлесіне талдау жүргізсек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған лауазымды тұлғаға, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы» түбіртегін және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы» түбіртектің түбірін толтырған лауазымды тұлғаға және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған лауазымды тұлғаға, осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылауға ешқандай кедергі келмейтінін атап өтуге болады.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Бюджет Кодексінің, РҚ ӘҚБтК-нің, Салық Кодексінің талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан және жүйелі түрде бақылауға алмағандықтан орын алғандығын байқауға болады.