Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасының аудиторлық қорытындысы қаралды.
Аталған іс-шарамен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғам (бұдан әрі-Қоғам) аудитпен қамтылды.
Аудит нәтижесімен 236 128,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Соның ішінде өтелуге жататыны 236 128,5 мың теңге. Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайданың жалпы сомасы 2 881 677,4 мың теңге және 18 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.
Анықталған бұзушылықтар Азаматтық Кодексінің, Мемлекеттік мүлік туралы Заңының, Бюджет кодексінің, Мемлекеттiк сатып алу Заңының талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмау салдарынан, Қоғам қаражатының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізген.
Аудит нәтижесімен Қоғам қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізіліп, бұдан әрі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар мен тапсырмалар берілді:
-«Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінен төлем кестесіне сәйкес төлеу мерзімі өткен қарыз берешегі 5 882,0 мың теңге қаражатты Қоғам кірісіне өндірту бойынша шаралар қабылдау;
-«Амангельды атындағы» ЖШС-гі тарапынан төлеу мерзімі өткен қарыз берешегі 229 934,0 мың теңге қаражатты Қоғам кірісіне бойынша шаралар қабылдау;
-Негізсіз төленген сыйақы 212,5 мың теңгені Қоғам кірісіне өндірту бойынша шаралар қабылдау;
Бұдан бөлек, аудит обьектісіне аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді қаперге ала отырып, алдағы уақыттарда болдырмау және қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту және анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шара алу бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.