2020 жылдың 29 желтоқсанда «Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жобалардың іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері қаралған Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудит қорытындысымен бюджет, өзге де заңнама және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптары сақталмауынан бұзушылықтар анықталды.
Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 88 712,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және рәсімдік бұзушылықтардың 8 бірлік фактісін анықтады.
Атырау облыстық мәслихатымен қабылданған «2017-2019 жылдарға іске асырылуы жоспарланып отырған концессиялық және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешімінде 71-жоба енгізілген. Оның ішінде: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 6-жоба, білім беру саласы бойынша 53-жоба, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша 8-жоба, мәдениет және спорт саласы бойынша 1-жоба, көлік және инфрақұрылым саласы бойынша 2-жоба және ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 1-жоба.
Жоғарыда аталған жобалар ішінде «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес Атырау облысы бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде 43 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде: 7 жоба іріктеу, келіссөздер жүргізу, 18 жоба іске асырылуы жоспарлану, 18 жоба іске асырылу сатысында.
Аудиторлық іс-шара бойынша жоғарыда аталған жобалар бойынша облыстың үш бюджеттік бағдарлама әкімшісімен 8 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары іске асырылуда.
Аудитпен қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке әріптестер тарапынан тартылған инвестиция көлемі 17 230 234,9 мың теңге.
Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде ең шығыны көп сала Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы болып табылады. Бұл салаға өзге де потенциалды жекеше әріптестердің бастама білдіріп, қызығушылық танытпауы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру шығыны ең қымбат болып табылуымен және үлкен инвестициялар қажет ететіндігімен байланысты.
Аудиторлық іс-шара бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бақылаудың, мониторингтің, тиісті деңгейде болмауы жобалардың іске асырудың тиімділігіне кедергі келтіреді.
Отырыс қорытындысы бойынша заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша тапсырмалар берілді.