Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі кезекті отырысы туралы

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2019

2019 жылдың 06 тамыз күні сағат 15:00-де Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мәжіліс залында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы-Әдеп жөніндегі уәкіл Құмаров Асылан Жұмабиденұлының төрағалығымен Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі мәселелер бойынша кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа тексеру комиссиясының мүшелері, қызметкерлері және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Курумбаева Динара Сағидоллақызы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы-Әдеп жөніндегі уәкілі Сарманов Нұрболат Әлібекұлы, Атырау облысы бойынша арнайы мониторинг топ мүшесі, «Атырау-Адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Адиева Альфия Даулетқалиқызы, «Атырау» газетінің тілшісі, құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі Сабырова Айбөпе Мұратқызы қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша Асылан Жұмабиденұлы отырысты ашып, кіріспе сөзін сөйледі.

Одан кейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Асылан Жұмабиденұлы өз сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен ұсынылған әдеп жөніндегі хаттамалық тапсырмалар және шешімдерді талқылап, төмендегідей мәселелер қаралды.

1. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

2. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2 – ай сайын анонимді сауалнама жүргізуді;

3. Мемлекеттік қызметшілермен мәдени-қоғамдық өмірге, оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық деңгейлердегі спорттық шараларға қатысуын үнемі ұйымдастыру және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мекеме қызметкерлерін кемінді аптасында 1 рет спорттық шараларға дайындық жұмыстарын жүргізу;

4. Икемді жұмыс кестесін жасақтау, компьютерлерді автоматты түрде ажырату жүйесін енгізу жұмыстарын жандандыру және үнемі бақылау;

5. Барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етуді;

6. Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңіріміздің мұражайларына, тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі орындарға экскурсияға бару;

7. Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақтау және тарату;

8. Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша кездесулер өткізуді жоспарлау;

9. Әдеп жөніндегі уәкілмен персоналды басқару қызметі бірлесіп ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен қорыту арқылы «менің жетістігім тарихы» атты жоба дайындау және оны өткізуді жоспарлау;

10. Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез-құлық туралы жадынамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

11. Д.Барлоу және К.Меллердің «Жалоба как подарок» кітабын талқылау және тәжірибеде пайдалану;

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Сағидоллақызы өз кезеңінде Департаментінде бүгінгі қойылып отырған мәселе бойынша атқарылып жатырған жұмыстарымен бөлісіп, прокуратура органымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында орын алатын бұзушылықтар бойынша мониторинг жүргізіліп отырғанын жеткізді.

Барлық мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, жазалаушы орган ретінде емес, бұзушылықтың профилактикалық алдын алуды ұйымдастыру мақсатында бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы-Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрболат Әлібекұлы тәжірибе алмасу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі қызметтермен таныстырды. Мемлекеттік қызметшілер тек қана мемлекеттік қызмет саласында үздік болуы ғана емес, жан-жақты халыққа жақын болуды, спортпен шұғылдануды, бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды. Сондай-ақ, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке

және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.

Атырау облысы бойынша арнайы мониторинг мүшесі, «Атырау-Адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Альфия Даулеткалиқызы өткен жылдың аяғында Атырау адалдық алаңы жобасы ашылғанын айтып, қызметінің тарихымен және арнайы мониторинг топ жұмысымен таныстырып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, мемлекеттік және басқа тілдерге құрметпен қарауға, халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға шақырды.

Жиын барысында тексеру комиссиясының қызметкерлері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Отырыс соңында Асылан Жұмабиденұлы өзге де мәселелер бойынша тексеру комиссиясының барлық мемлекеттік қызметшілері тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін болдырмау, салықтық салықтық емес төлемдерді уақытылы төлеуді тапсырды. Өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс және мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс екенін атап өтті.

Отырыс аяқталған соң Тексеру комиссиясының қызметкерлері сауалнама толтырды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930