2020 жылдың 14 қазанында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасы Нариман Бақытұлы Таушовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасына сәйкес Есеп комитетімен Тексеру комиссияларына бірлесіп барлық дейгейде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаржының жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1 – мәселе «Дағдарысқа қарсы Атырау облысының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне және Денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу»
2 – мәселе «Атырау облысының «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігі» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы туралы.
Мәжілістің қорытындысын талқылауға мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлы, Бюджет, қаржы экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Баймұханов Естұрған Ұзақбайұлы, облыс әкімінің орынбасары Ажғалиева Айгүл Теміртасқызы және Облыстық Кірістер департаментінің басшысы Айсин Серік Оразалыұлы қатысты.
Сондай-ақ, бейнеконференция түрінде қала және ауданг әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ең алдымен Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасы Нариман Бақытұлы мәжілісті ашып кіріспе сөз сөйледі. Қатысып отырған мәслихат депутаттарына ризашылығын білдірді.
Нариман Бақытұлының айтуы бойынша соңғы кездері аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтың көбейуіне қаржылық құқық бұзушылық, есептен шатысып, не болмаса бухгалтерлік рәсімдерден емес, тәртіптік қадағалау жоқ болғандықтан туындап отырғандығын айтты.
Біріншіден құрылыс саласы бойынша облыстық құрылыс басқармасынада құрылғылар толық жеткізілмесе де қабылдап алу, Махамбет және Индер аудандарында объектілер бойынша жасалмаған жұмыстарға алдын ала қаражат аудару фактілері, Сондай-ақ, көп жағдайда құрылыс нысандарының уақытылы қабылданбауы өнім берушілерден айыппұлдар өндіріп алу шаралары мен оларды жозықсыздар қатарына сотқа қуынбауы жиі кездесетіне тоқталды.
Екіншіден білім саласында олықтардың азаймай отырғандығы, мәселен былтырғы жылы Жылыой ауданында мектептің есепшілері тарапынан аса ірі көлемде 42 млн қаржыны иемденіп алуы, ал биылдың өзінде Махамбет ауданына қарасты бір мектептің есепшісі тарапынан 49 млнға жуық бюджет қаржысын заңсыз өзінің және жұмыс жасамайтын адамдарға аударып иемденгенін, сондай-ақ, осындай фактілер Индер ауданында кездесіп отырғандығын алға тартты.
Бұдан басқа, қазіргі таңда аудит жүргізіліп жатырған Қызылқоға және Исатай аудандарында селолық округтердің есепшілер 30 млннан астам қаржыны негізсіз өздеріне аударып алғандығы анықталып жытырғандығын да қоса айтты.
Үшіншіден Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың бағдарламасы шеңберінде Аграрлық несие корпорациясы АҚ мен қорларға бюджеттен қыруар қаржы кәсіпкерлерлерді дамыту үшін беріліп отыр.
Өздеріңізге мәлім, әрбір екінші деңгейдегі банктер несие бермес бұрын үрім бұтаққа дейін тексеріп барып содан кейін береді.
Ал, мына жағдайда кәсіпкер кірістер органында тіркеліп тұрып салықтық есептілігін тапсырмай жұмыс істемей тұрса да, тексеріс кезінде жұмысын тоқтатып қойған кәсіпкерлерге несие берілгендігі анықталып отыр. Сонда кәсіпкерге қандай көмек болады және бюджетте қандай түсімдер түседі.
Төртіншіден Денсаулық сақтау саласы бойынша мұндағы негізгі проблемаларды айтпағанда бюджеттен берліген қаржыларды тиімсіз жоспарлап пайдаланған. Сондай-ақ кейбір кәсіпкерлерге артықшылық көрсеткен. Қосыша құн салығынан босытылған өнім берушіге қосылған құн салығы негізсіз есептеліп ірі көлемде бюджет қаражатын аударған.
Бұдан басқа жол картасы шеңберіңде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау кезінде бағынысты мекемелер негізсіз артық жоспарлаған, яғни бақылау жасамағанын жеткізді.
Одан кейін, аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі Асылан Жұмабиденұлы Құмаровтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамада комиссия мүшесі Барлығы 40 мемлекеттік мекемеме мен квазисектор субъектілері аудитпен қамтылды. Жалпы соммасы 37 млрдтан астам бюджет қаражатына аудит жүргізіліп, нәтижесінде 714 млнға жуық түрлі құқық бұзушылық фактілері анықталып отыр. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан 346 млнға жуық қаражы бұзушылық фактісі тіркеліп, оның 184 млн-ы бюджетке қайтарылу қажет. Аудит барысында 53 млн теңгесі қазынаға қайтарылды. Сондай-ақ, атқарушы органдар 184 млн қажыны тиімсіз жоспарласа, 185 млн теңге қаржыны тиімсіз пайдаланған. Аудит объектілері тарапынан 108 рәсімдік сипаттағы құқық бұзушылықтарға жол берілген. 162 млн теңгені қалпына келтіруге жатқызылып отырғанын баяндады.
Әр сала бойынша көптеген кемшіліктер мен құқық бұзушылықтар жетіліп артылатын айтып бұзушылықтарды тізбектеп берді. А.Құмаров сөзін қорытындылай келе қазіргі таңда, Жол картасының дұрыс іске асырылуы бірінші кезекте әрі маңызды екенін, деседе жергілікті атқарушы органдардың еткен еңбектерінде кеткен кемшіліктер көп екенін. Заңды көп білсең, қаупі соғұрлым аз болады демекші, комиссия тарапынан әрбір іс-шаралар аяқталысымен жергілікті атқарушы органдарға қаржы және өзге де бұзушылықтардан сақтаныңыздар деп жие айтсақта, бұзушылық көп екені комиссияны алаңдататынын айтты.
Қазіргі кезде жергілікті жерде жағдай жақсы болғанымен жауапкершілікті сезінбесек қатаң жазаның болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар тарапынан заң нормаларын қатаң ұстануды ұсынды. Осы тұрғыда әлі қабылданбаған жол картасы шеңберінде 60 қа жуық нысандар бар екенін, осы нысандарды қабылдау кезінде жалпақ тілмен айтқанда бағасы сапасына сайма, мұқият қарап «жеті рет өлшеп бір кес деген» даналы сөзді бар екенін ұмытпау керектігін. Сондай-ақ, тексеру комиссиясы тарапынан бұзушылық салдарынан болған аудит нәтижелерін құқық қорғау органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органдарына жолауға және нұсқама беруге мәжбүр екенін қадап айтты.
Одан кейін, аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі Ляззат Сатыбалдызы Аққажиеваның баяндамасы тыңдалды.
Аталған бағдарламаның іске-асырылуы бойынша аудиторлық іс-шарамен 2018 жылғы-2020 жылғы 30 маусым аралығында бюджеттен бөлінген 9 млрд 752 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылып, аудит нәтижесімен 32 500,0 мың теңге қаржылық бұзушылық, 335,7 мың теңге тиімсіз пайдаланылған қаражат және 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Аудит нәтижесіне анықталған бұзушылықтарға қысқаша тоқталсақ, мемлекеттік аудит жүру барысында 2018 жыл бойынша 468 млн теңгеге субсидиялау құжаттарының жетіспейтіндігі және кейбір кәсіпкерлердің досьелері мүлдем жоқтығы анықталды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы инвестициялық салымдар кезінде субсидиялауға ниет білдірген 12 шаруа қожалықтарының шеккен шығындарын ішінара бақылау өлшемі жүргізіліп, нәтижесімен бойынша жалпы сомасы 3 млн 840 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды.
Бұдан басқа, Бюджет кодексінің нәтижелік, тиімділік принциптері бұзылып, 5 шаруашылық қожалығының кеткен шығындарын субсидиялауға жолдаған өтінімдері мен бизнес жоспарларында бір тұқымды малдың орнына іс жүзінде бөлек тұқымды малдар алынып жалпы сомасы 39 млн 282 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны және 1 шаруа қожалығына субсидия мөлшері қате есептеліп, нәтижесінде 0,9 мың теңге субсидия артық төленгені анықталды.
Сондай-ақ, аталған іс-шара шеңберінде Олар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалында және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалында үстеме тексеру жүргізілді. 2019 жыл және 2020 жарты жылдығымен жалпы 456 кәсіпкерге кредит беріліп, 214 жұмыс орны ашылған. Аудит барысында 2019 жылы несие алған жеке кәсіпкерлер бойынша, Салық органында алынған ақпараттарға сәйкес кіріс көзі көрсетілмеген, несиенің оң нәтижесін бермеген деп бағалауға болады. Бұл 261 млн 650 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуына әкеп соқты деуге негіз береді. Жалпы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты игеру кезінде 295 млн 650 мың теңге тиімсіз жұмсалған.
Сонымен қатар, қызметі уақытша тоқтатылған 7 кәсіпкерге, құжаттары зерделенбей кәсібі уақытша тоқталуда тұрса да жалпы сомасы 31 млн 500 мың теңге кредит берілгені анықталды.
Мәжіліс барсында атқарушы органдар тарапынан өз ұсыныстарын жеткізді.
Отырыс соңында, Тексеру комиссиясы төрағасы Нариман Бақытұлы жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықты болдырмау оның алдын алу қажеттігін ескертіп, отырысты жабық деп жариялайды.
Мақаланы дайындаған: Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы